Вернуться к списку статей

Еуро-2016: "D" тобында екі көшбасшы

Футбол
2K
Еуро-2016. Журналистер
«Еуро-2016» додасының «D» тобында Испания – Чехия кездесуімен алғашқы тур аяқталып, «Болжам-бәйге» бәсекесіндегі қатысушыларымыздың алғашқы ұпайлары белгілі болды.

Кеше Түркия құрамасы Хорватиядан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз допты Лука Модрич соқты. Кездесудің нәтижесін дәл тапқан Ермек Төрениязов еншісіне үш ұай жазса, Жандос Айтбай мен Арсен Ғұбашев кездесудің қорытындысын тура болжап, қоржындарына бір-бір ұпайдан салды. Ал Уәлихан Қосанбайдың болжамы қате шықты.

Испания – Чехия кездесуінің дәл нәтижесін ешкім тапқан жоқ. Алайда Жандос Айтбай доп айырмашылығын дәл тапқанының арқасында екі ұпайға қол жеткізсе, Уәлихан Қосанбай мен Арсен Ғұбашев бір-бір баллдан бөлісті. Ермек Төрениязов бұл жолы қателесті.

Еуро-2016. Болжам-бәйге

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика