Вернуться к списку статей

Журналистер арасындағы "Болжам-бәйгенің" жеребесі тартылды

Футбол
2K
Еуропа чемпионатының «Болжам бәйгесіне» қатысатын спорт журналистерінің жеребе тарту рәсімі өтіп, қайсының қай топқа түскені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, sportsffa.kz сараптамалық сайтының ұйымдастыруымен басталған «Болжам-бәйгеде» барлығы 24 журналист қатысады. Жеребе тартылмас бұрын олар әлеуеттері мен жастарына қарай төрт себетке бөлінген болатын. Кеше кешкісін қай қатысушының қай топқа орналасқаны белгілі болды.

Сонымен, 24 қатысушы алты топқа былайша бөлінді.

«А» тобы: Амангелді Сейітхан, Дастан Кенжалин, Руслан Меделбек, Роза Әрен.

«В» тобы: Ардақ Тоғымов, Еламан Қоңыр, Олжас Оқас, Ришад Тұрғанбаев.

«С» тобы: Есей Жеңісұлы, Еркін Шәкір, Шалқар Естен, Әділбек Жақанов.

«D» тобы: Жандос Айтбай, Ермек Төрениязов, Уәлихан Қосанбай, Арсен Ғұбашев.

«Е» тобы: Сәкен Сыбанбай, Ермұхамед Мәулен, Рауан Оқас, Асқар Ағатаев.

«F» тобы: Төлеубек Қадырмолла, Арай Ізбай, Бек Төлеуов, Ғабит Сапарбекұлы.

«Болжам-бәйгенің» ережесі бойынша, Еуропа чемпионаты кезінде қатысушылар өз топтарындағы командалардың ойындарына жорамал жасап отырады. Әр топтан үздік екі қатысушы және көрсеткіштері жоғары тағы төрт журналист плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Журналистер болжам-бәйгесі

Назарларыңызға жеребе тарту рәсімінің бейнетрансляциясын ұсынамыз:


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика