Вернуться к списку статей

Рауан Оқас – "Оқжетпес" "Астананы" тоқтатады

Футбол
2K
Спорт журналисі Рауан Оқастың Премьер-лиганың 8-турына жасаған болжамы
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы 9-туры. Ойындардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын спорт журналисі Рауан Оқас ұсынады.

«Ақжайық» - «Ақтөбе» 2:2

Оралдың «Ақжайығы» сүреңсіз ойнап жүр. Дегенмен, өз алаңында оңайлықпен дес бермейтін ұжым деп айтуға болады. Бұл жолы Байсуфинов шәкірттері Самат Сымақов бастаған «Ақтөбе» командасымен тең түседі деп ойлаймын. «Ақтөбе» бұрыңғыдай  мықты емес, бірақ әр ойында мінез танытып жүр. Есеп – 2:2

«Тараз» – «Шахтер» 2:1

Бұл жолы ҚПЛ турнирлік кестесінде соңғы орында келе жатқан қос команда кездеседі. Менің ойымша, «Тараз» бен «Шахтер» арасындағы матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешіледі.

«Атырау» – «Ордабасы» 1:1

Атыраудың ойыны көңіл көншітпейді. Ордабасы биыл үздік үштікке кіруге талпынады. Дегенмен, бұл ойын тең нәтижемен аяқталуы ықтимал. Есеп – 1:1

«Оқжетпес» – «Астана» 2:1

«Оқжетпес» пен Астана арасындағы ойын осы турдың орталық кездесуі болмақ. Муханов командасы турнирлік кестеде үшінші орында келеді. Биыл көкшетаулықтар бес ойында жеңіске жетті. Менің ойымша, олар елордалықтарды жеңеді. Есеп – 2:1

«Ертіс» – «Тобыл» 2:0

Огайдың қызметтен кеткені «Тобылға» кері әсерін тигізетіні анық. Екінші орында келе жатқан «Ертіс» 2:0 есебімен жеңіске жетеді.

«Қайрат» – «Жетісу» 4:1

Алматылықтар өткен турда басты қарсыласы «Астанаға» жеңіліп қалғаннан кейін қайта қалпына келу үшін барын салады. Оларға ұпай жоғалтуға әсте болмайды. «Жетісу» биылғы маусымда «Қайраттың» өзінен бір гол артық салғанын ескеріп,  бұл жолы да алматылықтар қақпасының кілтін табады деп ойлаймын. Ал жалпы «Қайрат» 4:1 есебімен «Жетісуды» ойсырата ұтады деген болжам жасағым келеді.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 8-тур ойындарына спорт комментаторы Ермек Төрениязов болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 4 ұпай жазды.

Ермек Төрениязовтың 8-турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Е.Төрениязовтың болжамы

Ұпай

Астана – Қайрат 1:0

1:1

0

Ордабасы – Ақжайық 1:0

2:1

2

Тобыл – Тараз 1:0

1:1

0

Жетісу – Ертіс 0:3

0:1

1

Шахтер – Атырау 0:0

2:2

1

Ақтөбе – Оқжетпес 1:0

0:2

0


«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

6

2

Ермек Төрениязов

4

8

3-4

Ғабит Сапарбеков

3

7

3-4

Төлеубек Әділбекұлы

3

5

5

Есей Жеңісұлы

1

4


"Болжам-бұрыш" айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика