04-11-2017
«Ордабасы» биылғы маусымдағы соңғы ойынын өз алаңында өткізіп, премьер-лигадағы орнынан айырылып қалған «Оқжетпесті» тізе бүктірді.
04-11-2017
Қостанайда «Атырауды» қабылдаған «Тобыл» 2:0 есебімен ұтқанымен Еуропа лигасының жолдамасына қол жеткізе алған жоқ. Роберт Евдокимов шәкірттері жолдамадан өткен турда айрылып қалған еді.
04-11-2017
Соңғы турда өз алаңында «Ақтөбені» 3:2 есебімен ұтса да Алматының «Қайраты» Қазақстан чемпионы атана алмады. Қайрат Боранбаев үшінші жыл қатарынан күмісті қанағат қылуға мәжбүр.
04-11-2017
«Астана» соңғы турда «Ақжайықты» жеңіп, төртінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды.
03-11-2017
Қазақстан премьер-лигасының ХХХІІІ турына Baq.kz тілшісі Назерке Абибулла болжам береді.
03-11-2017
Кеше Қазақстан футбол федерациясы төлтаңбасын, яғни логотипін өзгертті. Бұл бас хатшы Қаныш Әубәкіровтің ел футболының басшылығына келгендегі ең үлкен атқарған шаруасы.
02-11-2017
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының төртінші турындағы «Болжам-бәйгемізде» Мадина қарындасымыз үздік шықты.
02-11-2017
«Ордабасы» футболшыларының жалақы алмай жүргеніне төрт ай болды. Кеше ойыншылар кешкі жаттығуға шығудан бас тартып, өз араларында кішігірім бойкот жариялапты.
02-11-2017
Еуропа лигасының «А» тобында төртінші турдың ойындары аяқталып, Чехияда жеңіске жеткен «Вильярреал» көш бастады.
02-11-2017
«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі төртінші ойынын Израильдің Нетания қаласында өткізіп, «Маккаби» (Тель-Авив) клубын екі аптаның ішінде екінші рет тізе бүктірді.