«Шахтер» (Қарағанды) – «Қайрат» (Алматы) – 0:3
Голдар: Зария,30 (0:1). Пауло, 49 (0:2). Швырев, 90+7 (0:3).
Қарағанды клубының қазіргі бар мақсаты – премьер-лигадағы орындарын сақтап қалу. Жоғары лигада өзі бірде-бір маусымда қалыс қалмаған да осы «Шахтер» еді. Бірақ биыл бұл жоспарды орындау оңай болмасы анық. Команда өз алаңында да, түзде де ұтыла береді. Бұл жолы Алматының «Қайратына» шамасы жетпеді.
Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққалы клубтың саясаты да өзгеріп кетті. Бұрынғыдай жастарға емес, легионерлерге басымдық беретін болды.
Алматы командасы үшін матчта гол ұзақ күттірмеді. Ойынның 30-минутында жергілікті қорғаушылар Гиорги Зариядан көз жазып, емін-еркін баспен соққы жасауға мүмкіндік беріп қойды. «Шахтер» клубында есепті теңестіруге мүмкіндік болды. Бірақ бірде қақпашы құтқарса, бірде өздері допты қисық тепті. Ал екінші таймда Жоау Пауло есепті арттырып, алматылықтардың жеңісін нығайтты. Ойын соңында Вячеслав Швырев матч нүктесін қойды.
«Елімай» (Семей) – «Жеңіс» (Астана) – 1:0
Гол: Никита Корзун, 71(1:0).
QFL премьер-лигада 2,5 ай бойы жеңістің дәмін татпаған «Елімай» клубы ақыры 3 ұпайға ие болды. Бірақ соның өзінде оңайшылықпен келмеді. «Жеңіс» те қарсыластан еш кем түспеді. Тек дәлдік жетіспеді. Ал екінші таймда семейліктер ойыншы ауыстыруды ұтымды пайдаланды. Алаңға тың күшпен шыққанНикита Корзун командасына жеңіс әперді. Бұл футболшы бұған дейін осы стадионда «Шахтер» мен «Қызылжарға» қарсы кездесулерде де жеңіс голын соққан еді. Астаналықтарға ұпай бұйырмағанымен, трансферлік кезең оларға пайдасын тигізуі мүмкін.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы» (Шымкент) – 1:1
Голдар: Тұрсынбай, 31 (1:1). Жұмабек, 83 (1:1).
Еурокубокта жанкүйерлерінің көңілін қалдырып жүрген «Ордабасының» премьер-лигадағы жағдайы да ала-құла. Бұл жолы Талдықорғанда «Жетісумен» тең түсті. Негізі 83-минутқа дейін жеңіп тұрған. Бірақ қолда тұрған үш ұпайдан айырылып қалды.
«Ордабасы» сапынан қорғаушы Сағадат Тұрсынбай есеп ашса, «Жетісу» командасынан Абылайхан Жұмабек таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.
«Кескілескен ойын болды. Екі командада өз мүмкіндіктерін толық пайдаланбады. Аптап ыстыққа байланысты бірінші тайм іш пыстыратындай көрінді. Жылдамдық жетіспеді. Әрине, тең нәтиже бізді қанағаттандырады. Ел чемпиондарымен кездесіп тұрмыз. Команданың әлсіз позициялары бар. Жігіттерге рахмет айтамын. Олар нағыз мінез көрсетіп, соңына дейін ойнады. Екінші таймда ойынымыз ширай түсті. Дегенмен әлі де жетілдіретін тұстарымыз жетерлік», - дейді «Жетісу» бапкері Қайрат Нұрдәулетов.
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Қызылжар» (Петропавл) – 2:0
Голдар: Агбо, 34 (1:0). Жайро, 76 (2:0).
Еурокубок, жаңа турнирлерге байланысты «Ақтөбе» клубы шілде айында ішкі біріншілікте бір ғана ойын өткізді. Алайда осы ай команда үшін сәтсіз деуге болады. Бүгінгі матчта алаң иелері басымдық танытып, Уче Агбоның құлшынысы арқасында есеп ашты. Қонақтар да қорғаныста жатпай, «Ақтөбеге» қарсылық көрсеткенімен, лайықты жауап беруге шамалары келмеді. Екінші таймда команданың көшбасшысы Максим Самородов алаңнан кеткенімен, оны алмастырған Жан Жайро тағы да есепті арттырып, 3 ұпайға ие болды. Бұл жеңістің арқасында «Ақтөбе» шымкенттіктерден ұпай арасын қысқарта алды.
QFL премьер-лигасының 16-тур ойындары 3-4 тамыз күндері өтеді.
Турнир кестесі

№ | Команда | О | Ж | Т | Ж | Д-а | Ұпай |
1 | «Ордабасы» | 13 | 7 | 5 | 1 | 21-9 | 26 |
2 | «Ақтөбе» | 13 | 7 | 4 | 2 | 23-12 | 25 |
3 | «Қайрат» | 14 | 7 | 4 | 3 | 20-12 | 25 |
4 | «Елімай» | 14 | 5 | 7 | 2 | 18-16 | 22 |
5 | «Тобыл» | 12 | 5 | 4 | 3 | 16-12 | 19 |
6 | «Қайсар» | 13 | 5 | 4 | 4 | 13-15 | 19 |
7 | «Жетісу» | 14 | 4 | 6 | 4 | 13-15 | 18 |
8 | «Атырау» | 12 | 4 | 5 | 3 | 11-7 | 17 |
9 | «Астана» | 12 | 4 | 3 | 5 | 12-11 | 15 |
10 | «Қызылжар» | 13 | 3 | 4 | 6 | 12-12 | 13 |
11 | «Тұран» | 12 | 3 | 3 | 6 | 10-14 | 12 |
12 | «Жеңіс» | 14 | 2 | 3 | 9 | 8-23 | 9 |
13 | «Шахтер» | 14 | 2 | 2 | 10 | 5-24 | 8 |