Сонымен, Қазақстан Журналистер Одағы үздік спорт журналисіне берілетін Т.Жанұзақов, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, Астанадағы Еуразиялық ұлттық университеттің оқытушысы Дүрәлі Дүйсебай ағамыздың болжамдарына назар аударыңыздар:
«Қайрат» – «Шахтер» – 3:1
Ел чемпионын ірі есеппен тізе бүктірген «Қайрат» бұл жеңіспен тоқтамайды, «Шахтерді» жеңеді деп ойлаймын.
«Тобыл» – «Қайсар» – 2:0
Қостанай футболшылары қазір ел біріншілігінде тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр. «Қайсар» «алқынып» қалған секілді. Сырт алаңда тең ойнаған «Тобыл» өз алаңында ұтуға тиіс.
«Ордабасы» – «Тараз» – 3:1
Сырт алаңда «Оқжетпесті» ұтқан Шымкент футболшылары ежелгі қарсыласы «Тараздан» қалайда басым түсуге тырысады. Матч, әдеттегідей, тартысты өтуі керек.
«Ертіс» – «Оқжетпес» – 2:0
Ақтөбедегі жеңістен кейін қанаттанған Павлодар командасы көкшетаулықтарды еркін жеңуі тиіс.
«Астана» – «Атырау» – 3:0
Алматыда «Қайраттан» оңбай ұтылған «Астана» мұндай ірі есептің кездейсоқ «тіркелгенін» дәлелдеуі керек.
«Ақжайық» – «Ақтөбе» – кейінге шегерілді.
Көш басында – Әнуар Әбдірахманов
Өткен, ХХ турдың екі ойынына "KazFootball.kz" республикалық ақпараттық футбол порталының директоры Нағи Бақытбеков болжам жасаған. Оның болжамдарының қорытындысын ХХ турдың ойындары толық аяқталған соң түйіндеп шығарамыз.
Ескерту:
* – Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тапты, ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты.
** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.
*** – VІІІ турдың екі ойыны кейінге шегерілген.