Қазақстан премьер-лигасының 17-турының қорытындысы бойынша Алматының «Қайраты» көш бастап тұр. Дегенмен Шымкенттің «Ордабасы» алдағы уақытта озып кетуі мүмкін. Өйткені олардың басты бәсекелесінен екі ойыны кем.
«Қызылжар» (Петропавл) – «Қайрат» (Алматы) – 0:1
Гол: Андрей Ульшин, 40 (0:1).
Алаңнан қуылды: Зоран Нижич, 90+1 минут («Қызылжар»)
Биылғы жылы 70 жылдығын атап өтетін Алматының «Қайраты» чемпион болуды көздейді. Клуб иесі Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққалы футболға қайта көңіл бөле бастады. Ресейден Александр Кержаковты бас бапкер ретінде әкелді. Бұрынғы принциптен бас тартып, жергілікті емес, легионер ойыншыларды көптеп шығаратын болды.
Бұл жолы олар Петропавлға қонаққа барған. Букмекерлер матчтың нақты фаворитін ойын алдында анықтай алған жоқ.
Кездесуге келсек, алдымен «Қызылжарда» есеп ашатын тамаша мүмкіндік болған. Бірақ Рафаэль Сабино қақпашымен бірге-бір шықса да, доп қақпадан қисық тепті. Ал қонақтар өз сәттерін тиімді пайдаланып, Андрей Ульшин гол соқты.
Екінші кезеңде есепте өзгеріс болмады. Сөйтіп «Қайрат» сырт алаңнан үш ұпай еншіледі.
«Елімай» (Семей) – «Тұран» (Түркістан) – 6:0
Голдар: Рейес, 15 (1:0).Корзун, 18 (2:0). Машуков, 26 (3:0). Рейес, 45+3 минут (4:0). Шина, 72 (5:0).Свиридов, 86 (6:0).
«Елімай» жанкүйерлерінің алдында голдан тау тұрғызды. Түркістаннан келген «Тұран» клубын еш аяған жоқ. Бірінші таймның өзінде 4 гол салған «Елімай» екінші таймда да еш босаңсымай, Иван Свиридов тіпті ойынның нүктесін Дель Пьеро стиліндей қойды. Бұл осы маусымда тіркелген ең ірі жеңіс.
Трансфер кезінде Андрей Карпович бапкер шақырған Едарлин Рейес пен Ислам Машуков сенімді ақтап, осы ойында мергендік танытты.
Семей клубы әлі де жүлделі орыннан үмітті.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Тобыл» (Қостанай) – 0:3
Голдар: Руй Кошта, 2 (0:1). Чесноков, 40-пенальтиден (0:2). Чесноков, 51 (0:3).
«Жетісу» маусым басында бір көсіліп, қаржы азая бастағанда қарқынын бәсеңдетіп алды. Оның үстіне клубтың спорттық директоры сотталып, бас директоры тергеуде отыр. Мұның бәрі ішкі атмосфераға әсер етеді.
«Тобылмен» ойында Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері еш қарсылық көрсете алмады. Қонақтар мәселені бір сағатқа жеткізбей шешті. Матчтағы үш голдың екеуін ұлттық құрама ойыншысы Ислам Чесноков соқты.
Осылайша, «Тобыл» 1,5 айдан кейін ғана сырт алаңда 3 ұпайға қол жеткізіп, үздік бес команданың қатарына кірді. Бір ерекшелігі - «Жетісу» 8 жылдан бері өз алаңында қостанайлықтарды жеңе алмай келеді.
«Шахтер» (Қарағанды) – «Ордабасы» (Шымкент) – 2:3
Голдар: Яхшибоев, 35 (0:1). Джокич, 51 (1:1). Беседин, 58 (1:2). Яхшибоев, 61 (1:3). Лисакович, 77 (2:3).
Алаңнан қуылды: Малый, 15 («Ордабасы»).
Александр Седнев Шымкент командасымен соңғы ойынын сәтті аяқтады. Еурокубоктағы жеңілістен соң, Қарғандыда команда үш ұпай алды. Матчтың басында қорғаушы Сергей Малый алаңнан қуылып, «Ордабасының» жағдайын қиындатқан. Бірақ шеберлігі төмен «Шахтер» футболшылары 10 ойыншымен командадан үш гол жіберді.
Әсіресе, өзбек шабуылшы Жасурбек Яхшибоев ерледі. Матчта көшбасшылық қасиетін көрсетіп, дубль авторы атанды. Анда-санда бір рет көзге түсетін украиналық Беседин де аянып қалмады.
«Ордабасы» қазір 14 матчтан кейін 29 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Дегенмен көшбасындағы «Қайраттан» екі матчы кем. Егер ұпайдан шашау шығармаса, бірінші орынға шыға алады.
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:1
Голдар:Кеңесов, 22 (1:0). Милойко, 60 (1:1).
Алаң иелері бұл ойында айқын фаворит саналып, бірінші таймда есеп ашты. Кездесуде «Ақтөбе» айқын басымдыққа ие болғанымен, есепті еш арттыра алмады. Ақтөбеліктер 90 минутта 14 дәл соққы жасағанымен, Стефан Сикач ерекше жанкештілік танытып, барлық қауіпті шабуылдарға тосқауыл болды. Ал екінші таймда Горан Милойко санаулы ғана мүмкіндікті тиімді пайдаланып, тараз басын теңестіріп кетті. Осылайша, «Ақтөбе» турнир кестесіндегі көшбасшы орынынан айырылып қалды.
Айта кетейік, осы тур аясында жоспарланған «Астана» - «Атырау» матчы елордалық клубтың Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты кейінге шегерілді.
Турнир кестесі

№ | Команда | О | Ж | Т | Ж | Д-а | Ұпай |
1 | «Қайрат» | 16 | 9 | 4 | 3 | 25-13 | 31 |
2 | «Ақтөбе» | 16 | 8 | 6 | 2 | 27-15 | 30 |
3 | «Ордабасы» | 14 | 8 | 5 | 1 | 24-11 | 29 |
4 | «Елімай» | 16 | 6 | 7 | 3 | 25-20 | 25 |
5 | «Тобыл» | 14 | 6 | 4 | 4 | 20-14 | 22 |
6 | «Қайсар» | 15 | 5 | 6 | 4 | 16-18 | 21 |
7 | «Атырау» | 14 | 4 | 7 | 3 | 14-10 | 19 |
8 | «Қызылжар» | 16 | 5 | 4 | 7 | 16-15 | 19 |
9 | «Астана» | 13 | 5 | 3 | 5 | 14-12 | 18 |
10 | «Жетісу» | 16 | 4 | 6 | 6 | 14-20 | 18 |
11 | «Тұран | 14 | 3 | 3 | 8 | 11-22 | 12 |
12 | «Жеңіс» | 15 | 2 | 3 | 10 | 9-25 | 9 |
13 | «Шахтер» | 15 | 2 | 2 | 11 | 7-27 | 8 |