«Қызылжар» (Петропавл) – «Жетісу» (Талдықорған) – 2:1
Голдар: Себай, 82 (1:0). Оспанов, 90+2 (2:0). Шрамченко, 90+6-пенальтиден (2:1).
Трансферлік кезең ақыры «Қызылжарға» өз жемісін берді. Бірінші айналымда бұл команда бірнеше матч соға алмай, ұпайдан қағылған еді. Осы жолы да алаң иелері бір сағаттан астам уақыт бойы қарсылас қақпасын бірнеше мазалағанымен, саңылау таппай жүріп алды. Тек 82-минутта қатарға енді ғана қосылған Сенин Себай гол соқты. Одан кейін де аянып қалмай нәтижелі пас шығарып, жеңісті нықтады. Ал соңғы секундтағы пенальти ойын тағдырына әсер етпеді. Қорытынды есеп – 2:1.
«Атырау» (Атырау) – «Қайсар» (Қызылорда) – 2:2
Голдар: Стасевич, 59 (1:0). Сигневич, 79 (2:0).Юденков, 81 (2:1).Бородин, 90+7- пенальтиден (2:2).
Алаңнан қуылды:Пайович,90+2 («Қайсар»).
Қос ұжым да алғашқы таймда өте қауіпті шабуылдармен алмасқанымен, голдардың барлығы екінші таймда салынды. Алаң иелері сапынан Игорь Стасевич пен Николай Сигневич мергендік танытып, мәселені шешкендей көрінген.
Дегенмен, ойынның соңғы 10 минутын қонақтар тиімді пайдаланды. Виктор Кумыков шәкірттері кездесу соңына дейін таразы басын теңестіріп, Атыраудан бір ұпай еншілеп кетті.
«Қайрат» (Алматы) – «Елімай» (Семей) – 4:1
Голдар: Мартынович, 3 (1:0). Гадрани, 14 (2:0). Ульшин, 51 (3:0). Сорокин, 65 (4:0). Жан Али Пайруз, 80-пенальтиден (4:1).
Андрей Карповичке шешуші сәтте тәжірибе жетіспей қалатындай. Биыл «Елімаймен» маусымды тәуір бастап, ең шешуі ойындарда ұпай жоғалтып қойып жатыр. Осы жолы Семей командасы Алматыда ірі есеппен жеңілді. Матчтағы екі голға қақпашы Денис Кавлиновтың тікелей қатысы бар. Ресейден келген қақпашы командасын қиын жағдайға қалдырды.
Екінші таймда алаң иелері тіпті есепті ұлғайтып жіберді. Ал 3 голды орталық қорғаушының салғанын да ескере кеткен жөн. Сонымен қатар, маусымның бірінші бөлігін «Елімайда» өткізген Егор Сорокин екінші айналымда семейліктерге қарсы ойында көзге түсті. Бұл футболшының ел чемпионатындағы бірінші голы. Қонақтар тек 80- минутта пенальтимен ғана жауап қатты. Одан әріге шамалары жеткен жоқ.
«Жеңіс» (Астана) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 1:2
Голдар: Агбо, 28(0:1). Силва, 40 (1:1). Умаев, 87 (1:2).
Чемпиондыққа басты үміткер «Ақтөбе» аутсайдерлерге қарсы матчтарда қиындыққа тап болып жүр. Бұған дейін «Шахтер» мен «Тұранды» әупірімдеп жеңіп еді. Осы жолы да сол сценарий қайталанды. Қарағандыда астаналық «Жеңістен» үш ұпайды тек соңғы минутта жұлып алды.
Бұл жеңістің арқасында «Ақтөбе» мен «Қайрат» 28 ұпаймен қатар тұр. Бірақ «Ақтөбенің» Алматы командасынан бір ойыны кем.
«Астана» (Астана) – «Тұран» (Түркістан) – 2:1
Голдар: Аханону, 34 (1:0). Цуцкич, 70 (1:1), Грипши, 90+1-пенальтиден (2:1).
«Астанаға» Түркістанның «Тұран» клубымен ойнау ешқашан оңай болмаған. Бір кездері жаңбыр суының астында өткен матчта көпшіліктің есінде болар.
Осы жолы елорда ұжымы еурокубок пен чемпионатты қатар алып жүргендіктен құрамға біршама өзгерістер жасады.
Трансферде «Астана» сапын толықтырған нигериялық Ннамди Аханону үзіліске дейін есепті ашты. Бұл оның чемпионаттағы алғашқы голы.
Екінші таймда Бабаян шәкірттері допқа көбірек иелік еткенінмен, 70-минутта таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Никола Цуцкич айып добын керемет орындап, есепті теңестірді.
«Астана» үш ұпайды тек төреші қосқан қосымша минутта пенальтидің арқасында алды. Қорытынды есеп – 2:1.
Турнир кестесі

№ | Команда | О | Ж | Т | Ж | Д-а | Ұпай |
1 | «Ақтөбе» | 14 | 8 | 4 | 2 | 25-13 | 28 |
2 | «Қайрат» | 15 | 8 | 4 | 3 | 24-13 | 28 |
3 | «Ордабасы» | 13 | 7 | 5 | 1 | 21-9 | 26 |
4 | «Елімай» | 15 | 5 | 7 | 3 | 19-20 | 22 |
5 | «Қайсар» | 14 | 5 | 5 | 4 | 15-17 | 20 |
6 | «Тобыл» | 12 | 5 | 4 | 3 | 16-12 | 19 |
7 | «Атырау» | 13 | 4 | 6 | 3 | 13-9 | 18 |
8 | «Астана» | 13 | 5 | 3 | 5 | 14-12 | 18 |
9 | «Жетісу» | 15 | 4 | 6 | 5 | 15-17 | 18 |
10 | «Қызылжар» | 14 | 4 | 4 | 6 | 14-13 | 16 |
11 | «Тұран | 13 | 3 | 3 | 7 | 11-16 | 12 |
12 | «Жеңіс» | 13 | 2 | 3 | 10 | 9-25 | 9 |
13 | «Шахтер» | 14 | 2 | 2 | 10 | 5-24 | 8 |