Вернуться к списку статей

Бөбегіңнің бауы берік болсын, Бауыржан!

Футбол
3K
Бауыржан Исламхан. Фото: fckairat.com
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» (Алматы) клубының капитаны Бауыржан Исламханның тұңғышы дүниеге келді.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» (Алматы) клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның сүйген жары шекесі торсықтай ұл тапты.

«Қайрат» футбол клубының ресми сайты «нәрестенің бойы – 51 см, салмағы – 3,2 келі» деп, сүйінші сұрады. Клуб Бауыржан мен Еркежанды құттықтап, бар жақсылықты тілепті.

Біз де оқырмандарымыздың атынан Бауыржанды тұңғышының дүниеге келуімен құттықтаймыз. Қазақы дәстүрмен, бөбегіңнің бауы берік болсын, Бауыржан дегіміз келеді.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика