Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» (Алматы) клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның сүйген жары шекесі торсықтай ұл тапты.
«Қайрат» футбол клубының ресми сайты «нәрестенің бойы – 51 см, салмағы – 3,2 келі» деп, сүйінші сұрады. Клуб Бауыржан мен Еркежанды құттықтап, бар жақсылықты тілепті.
Біз де оқырмандарымыздың атынан Бауыржанды тұңғышының дүниеге келуімен құттықтаймыз. Қазақы дәстүрмен, бөбегіңнің бауы берік болсын, Бауыржан дегіміз келеді.