Вернуться к списку статей

Қазақстан ұлттық құрамасы сапына шақыртылғандар

Футбол
1K
Ұлттық құрама сапына шақыртылғандар. Фото: kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының Црна Гора және Польша құрамаларымен өткізетін ойындарына шақыртылған футболшыларының тізімі жарияланды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылары 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Црна Гора және Польша құрамаларымен өтетін ойындарына шақыртылған футболшылардың тізімін жариялайды, – деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Қазақстан ұлттық құрамасы 1 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында Црна Гора құрамасын қабылдайды, ал 4 қыркүйек күні Варшаваға барып, Польша футболшыларымен кездеседі. Сонымен шақыртылғандар тізімі:

қақпашылар Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»).

қорғаушылар Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко (бәрі де – «Астана»), Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Виктор Дмитренко («Шахтер»);

жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген (екеуі де – «Астана»), Исламбек Қуат, Георгий Жуков (екеуі де – «Қайрат»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі де – «Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Аслан Дарабаев («Ертіс»);

шабуылшылар – Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»), Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).

Қосалқы тізімдегі ойыншылар:

қорғаушылар – Сергей Малый («Астана»), Григорий Сартаков («Тобыл»), Михаил Габышев («Шахтер»);

жартылай қорғаушылар – Мардан Төлебек («Ордабасы»), Илья Калинин («Ертіс»).

kff.kz

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика