Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылары 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Црна Гора және Польша құрамаларымен өтетін ойындарына шақыртылған футболшылардың тізімін жариялайды, – деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.
Қазақстан ұлттық құрамасы 1 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында Црна Гора құрамасын қабылдайды, ал 4 қыркүйек күні Варшаваға барып, Польша футболшыларымен кездеседі. Сонымен шақыртылғандар тізімі:
қақпашылар – Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»).
қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко (бәрі де – «Астана»), Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Виктор Дмитренко («Шахтер»);
жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген (екеуі де – «Астана»), Исламбек Қуат, Георгий Жуков (екеуі де – «Қайрат»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі де – «Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Аслан Дарабаев («Ертіс»);
шабуылшылар – Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»), Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).
Қосалқы тізімдегі ойыншылар:
қорғаушылар – Сергей Малый («Астана»), Григорий Сартаков («Тобыл»), Михаил Габышев («Шахтер»);
жартылай қорғаушылар – Мардан Төлебек («Ордабасы»), Илья Калинин («Ертіс»).