Вернуться к списку статей

Жасөспірімдер құрамасы "Қайраттың" жастарын жеңді

Футбол
2K
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Фото: kff.kz
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 4 маусымнан бері Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жариялағандай, Қазақстан U-19 құрамасының осы жолғы жаттығу жиыны 15 маусымға дейін созылады.

Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын жасөспірімдер құрамасы Алматының «Қайратының» жастарымен, нақтырақ айтқанда, 21 жасқа дейінгі құрамымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетіпті.

Бұл кездесуде Қазақстан U-19 голдарын Кирилл Алексеев (25-минут), Наурызбек Жагоров (65-минут) және Георгий Захаренко (83-минут) соққан.

Жасөспірімдер құрамасының келесі жолдасық кездесуі 14 маусымға белгіленген. Ертеңгі қарсыласы «БН-Қаскелең» футбол клубы болмақ.

Енді кезектіоқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімімен таныс болыңыздар:

қақпашылар Бекхан Шайзада, Дархан Арғыншеев, Данил Подымский.

қорғаушылар Әлішер Ақынов, Елжас Сарыбай, Әлібек Қасым, Мәди Айтөре, Нұрлыбек Қуанышев, Саид Мұзапаров, Кирилл Алексеев, Евгений Чернышов.

жартылай қорғаушылар Бақдәулет Жүзбай, Наурызбек Жагоров, Рамазан Оразов, Ахмат Беріков, Акмаль Бахтияров, Илья Артюшенко,Геворг Наджарян, Роман Уханов, Артем Попов.

шабуылшылар Жандос Сұлтан, Георгий Захаренко. 

Аға жаттықтырушы Серік Әбдуәлиев,

аға жаттықтырушының көмекшісі Қайрат Әубәкіров,

қақпашылар жаттықтырушысы Тимур Оразов.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика