Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жариялағандай, Қазақстан U-19 құрамасының осы жолғы жаттығу жиыны 15 маусымға дейін созылады.
Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын жасөспірімдер құрамасы Алматының «Қайратының» жастарымен, нақтырақ айтқанда, 21 жасқа дейінгі құрамымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетіпті.
Бұл кездесуде Қазақстан U-19 голдарын Кирилл Алексеев (25-минут), Наурызбек Жагоров (65-минут) және Георгий Захаренко (83-минут) соққан.
Жасөспірімдер құрамасының келесі жолдасық кездесуі 14 маусымға белгіленген. Ертеңгі қарсыласы «БН-Қаскелең» футбол клубы болмақ.
Енді кезектіоқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімімен таныс болыңыздар:
қақпашылар – Бекхан Шайзада, Дархан Арғыншеев, Данил Подымский.
қорғаушылар – Әлішер Ақынов, Елжас Сарыбай, Әлібек Қасым, Мәди Айтөре, Нұрлыбек Қуанышев, Саид Мұзапаров, Кирилл Алексеев, Евгений Чернышов.
жартылай қорғаушылар – Бақдәулет Жүзбай, Наурызбек Жагоров, Рамазан Оразов, Ахмат Беріков, Акмаль Бахтияров, Илья Артюшенко,Геворг Наджарян, Роман Уханов, Артем Попов.
шабуылшылар – Жандос Сұлтан, Георгий Захаренко.
Аға жаттықтырушы – Серік Әбдуәлиев,
аға жаттықтырушының көмекшісі – Қайрат Әубәкіров,
қақпашылар жаттықтырушысы – Тимур Оразов.