Вернуться к списку статей

Енді бәрі өз қолымызда. Қазақстан алғаш рет Финляндияны жеңді

Футбол
223

Бұл Еуроның жөні бөлек болып тұр. Германияға апаратын жолда Қазақстан бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Финляндия астанасы Хельскиниде Магомед Адиев шәкірттері жергілікті құрамамен кездескен. Ойын алдында екі команданың ұпай саны бірдей болатын. Сондықтан бұл матчта үш емес, алты ұпай салынғандай тартысты өтті.

Бірінші таймда Лионель Мессимен бірге «Интер Майамиде» доп тебетін Роберт Тейлор айып соққысынан есеп ашты. Үзіліске дейін басқа өзгеріс болмады.

Ал екінші кезеңде жағдай өзгерді. Алдымен пенальтиден Бактиер Зайнутдинов таразы басын теңестірсе, сосын 90-минуттан жеңіс голын соқты. Бұл жолы Рамазан Оразовтың бұрыштамадан көтерген добын тиімді пайдаланды.

Айтпақшы, Бактиер Зайнудинов осы дублінің арқасында Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені атанды. Бұған дейінгі рекорд Руслан Балтиевке тиесілі еді. Ол қазіргі кезде ұлттық құрамада бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарады.

Қазақстан құрамасының мергендері:

1. Бактиер Зайнутдинов – 14 гол;

1. Руслан Балтиев – 13 гол;

3. Виктор Зубарев – 12 гол;

4-5. Дмитрий Бяков, Сергей Хижниченко – 8 гол;

6-7. Нұрбол Жұмасқалиев, Абат Айымбетов – 7 гол.

12314

Осыған дейін екі құрама ресми ойындарда бес мәрте кездесіп, барлығында қарсылас команда жеңіске жеткен еді. Финляндия ыңғайсыз қарсылас болып жүрген. Бұл жолы сәттілік біз жағында болды.

Қазір Қазақстанда футболға деген үлкен бум болып жатыр. Жанкүйерлердің делебесі қозып, жарыса жаза бастады.

«Ойынның басын өзіміз қалағандай өткізе алмадық. Алаң иелері біртұтас команда ретінде ойнап, мүмкіндік бермей қойды. Ортада проблемалар болды. Айып соққысынан гол жібердік. Бірінші таймның соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндігіміз бар еді. Пайдалана алмадық. Үзілісте жігіттерге осы қарқындарынды жалғастыра беріңдер деп айттым. Екінші таймда жақсырақ ойнадық. Қауіпті шабуылдарды көптеп ұйымдастыра бастадық. Соның арқасында жеңіске жеттік», -деді матчтан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Ұлттық құрама енді 17 қарашада елордада Сан-Мариноны қабылдаса, 20 қарашада сырт алаңда Словениямен кездеседі.

Финляндия – Қазақстан – 1:2

Голдар: Тейлор, 28 (1:0). Зайнутдинов,77-пенальтиден (1:1). Зайнутдинов, 90 (1:2).

Финляндия: Лукас Градецкий (Қ) (К) – Рихард Йенсен (Джере Уронен, 89), Артту Хосконен, Роберт Иванов, Николай Алхо (Пюри Сойри, 89) – Глен Камара, Каан Кайринен, Роберт Тейлор (Бенджамин Келлман, 78), Даниэль Хоканс – Теему Пукки (Маркус Форсс 78), Джоэл Похьянпало;

Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ) – Ян Вороговский, Нұрәлі Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров (Темірлан Ерланов, 88), Багдат Қайыров (Еркин Тапалов, 81) – Абзал Бейсебеков (Исламбек Қуат, 55), Асхат Тагыберген (К) (Лев Скворцов, 87), Бактиёр Зайнутдинов – Максим Самородов (Абат Айымбетов, 86), Рамазан Оразов;


Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика