Вернуться к списку статей

​Елена Рыбакина Брисбен турнирінде топ жарды

Теннис
194

Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Ол финалда Беларусь елінің мықтысы, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті.

Бұл екі теннисші соңғы жылдары жиі жолығып жүр. Әсіресе, финалдық бәсекелерде жолдары түйісті. Оның ішінде былтырғы Аустралия ашық біріншілігінің финалы бар. Жалпы, Елена мен Арина өзара 9 рет кездесіп, соның алтауында белоруссиялық теннисші басым түскен.

Осы жолы финалдағы бәсеке тез аяқталды. Бірінші сет нәбәрі 25-минутқа созылды. Рыбакина қарсыласын бет қаратпай, 6:0 есебімен ұтты. Бұл «баранка» екеуінің арасында алғаш рет тіркеліп отыр.

Екінші сетте де қазақ теннисшісі 6:3 есебімен басым түсті. Кездесу нәбәрі 1 сағат 10 минутқа созылды. Отандасымыз осы уақыт ішінде 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Осы жеңісі үшін ол 220 000 мың доллар (100 миллион теңге) алады. Сонымен қатар дүйсенбіден бастап, әлемнің үшінші ракеткасы атанады.

Елена Рыбакина WTA 500 турниріндегі қарсыластары:

1/16 финал: Оливия Гадеки (Австралия) - 6:4, 6:1
1/8 финал: Элисе Мертенс (Бельгия) - 6:1, 6:0
1/4 финал: Анастасия Потапова (Ресей) - 6:1, бас тартты
1/2 финал: Линда Носкова (Чехич) - 6:3, 6:2
Финал: Арина Соболенко (Беларусь) - 6:0, 6:3.

«Командам жайлы екі ауыз сөз айтайын: Сіздер бүгін нашар жұмыс істедіңіздер! 6:3, 6:0 – жігіттер сіздердің қателіктеріңіз!», – деп күлді Соболенко финалдан кейін.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика