Вернуться к списку статей

Будапешттен бірінші орын

Хоккей
200

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасында бірінші дивизионның әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы өз тобында жеңімпаз атанып, элиталық кезеңге оралды.

Сергей Старыгин шәкірттері Венгриядағы ойындар қиынға соқты дей алмаймыз. Алғашқы төрт турда мәселені шешіп тастады. Бірінші матчта Мажарстанды 5:2, одан кейін Даниямен кездесуде камбэк жасады. Футболдағы құрамамыз секілді 3:2 есебімен жеңді. Келесі екі матчта Франция мен Жапонияның да осал тұсын тапты. Сөйтіп, элиталық раундқа жолдама бұйырды.

Соңғы, Австриямен кездесу ештеңе шешкен жоқ. Сол себепті, тек жан рахаттары үшін ойнап шықты. Матчтағы топырлаған шайба жанкүйерлерге ұнаған болар. Қарсылас 7:6 есебімен кездесуді өз пайдасына шешті.

20 жасқа дейінгілер арасындағы IA дивизионындағы әлем чемпионаты:

Орын

Құрама

О

Ж

Ж

Шайба

Ұ

1

Қазақстан

5

4

0

21-12

13

2

Франция

5

3

2

18–19

9

3

Дания

5

3

2

18–14

9

4

Австрия

5

2

2

22–21

8

5

Венгрия

5

1

3

13–16

3

6

Жапония

5

0

4

12–22

2

Осылайша, Қазақстан құрамасы араға екі жыл салып, элиталық раундқа оралып отыр. Бір қызығы, бас бапкер Сергей Старыгин бірінші дивизионда осымен үшінші мәрте бірінші орын алды. Ол сонымен қатар биыл 18 жасқа дейін құрама да элиталық раундқа өткен болатын.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.

Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.

Қақпашы Владимир Никитин турнирдің үздігі атанды. Әлем біріншілігінде қазақстандық қақпашы үздік нәтиже көрсетті. Ол орта есеппен соққылардың 94,44 пайызын қайтарған. Сондай-ақ ол басқа қақпашылармен салыстырғанда айдында көп уақыт өткізді. Владимир Никитинді бес кездесудің барлығына да құрама сапында қақпаға иелік жасады.

Турнир барысында ол 119 сейв жасаған. Никитин үздік қақпашы атануымен бірге Қазақстан құрамасының үздігі атағына лайық деп танылды.


12761

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика