Вернуться к списку статей

Саматәлі Төлтаев: Қарсыласымды нокаутқа жіберемін деген жоспар болды

Бокс
5K
Алматыдағы Sadu Arena кешенінде Irfin Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтті. Аталған бокс кешінде бірнеше отандасымыз өнер көрсетіп, барлығы да жергілікті жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Солардың қатырында әуесқой бокста бірталай жетістікке жетіп, биылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсете бастаған Саматәлі Төлтаев та бар.

Жеңіл салмақта (61,2 кг) жұдырықтасатын жерлесіміз Алматыдағы бокс кешінде ресейлік Магомедрасул Омаровпен қолғап түйістіріп, қарсыласын 2-раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтай отырып, кішігірім сұхбатқа да тартқан едік. Оның айтуынша, ол қарсыласын жан-жақты зерттеген.

Жеңістің бәрі Алланың арқасында, жеңіске жеткеніме қуанышытымын. Жалпы жекпе-жек жақсы болды, қарсыласым да осал болмады. Бірақ оны барынша зерттеп, дайындалдық. Сондықтан қарама-қарсы жасауға болатын соққылар әзірледік. Соның бәрі жүзеге асты. Жалпы жекпе-жекті тез аяқтаймыз деген де ой болды. Жоспарымызда техникалық нокаутқа жібереміз деп ойластырған едік. Сөйтіп қойған жоспарымыз сәтті орындалды, - дейді боксшы.

Сондай-ақ Саматәлі жекпе-жек форматы мен болашағы туралы айтты.

Осыған дейін 6 раундық кездесулер өткіздім. Бұл жолы 4 раундық жекпе-жек берді. Жалпы барлығына кез келген форматқа дайынмын, 6,8,10 раундар берсе де шыға беремін. Негізі физикалық тұрғыдан дайынмын. Сондай-ақ мені қолдап келген жанкүйерлерге барынша алғыс айтамын, - деді Саматәлі.

Яндекс.Метрика