Вернуться к списку статей

«Барыстың» жеңілістеріне етіміз үйреніп барады

Футбол
110

Астананың «Барыс» клубы әдеттегідей Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында жеңілді. Бұл енді үйреншікті жаңалық. Сонда да матч туралы қысқаша баян етейік.

Команда бұл жолы елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын қабылдаған.Екі команда бұған дейін 59 мәрте кездескен. Оның 37-і Астана клубының басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Былай қарсаң, «Барыстың» дәл осы командаға қарсы статистикасы тәп-тәуір. Бірақ қазіргі жағдайымен команда ештеңе бітіре алмайтынын жанкүйерлер де жақсы түсінген. Жеңіліске елдің де еті үйреніп кетті. Кінәламайтын болған.

Бас бапкердің міндетін атқарушы Олег Болякин бүгінгі кездесуде қақпаны қорғауға қазақстандық Никита Бояркинді шығарып көрді. Алайда оның өзі көмектесе алмады.

Кездесу барысында ресейлік клуб сапынан Степан Хрипунов 15-минутта есеп ашты. Үзіліске дейін таблодағы көрсеткіш өзгермеді.

Екінші 20-минуттықта екі команданың да қақпадан саңылау табу мүмкіндігі болмады. Ойынның 50-минутында елордалық клубтан Портус Оберг таразы басын теңестірген. Осыдан кейін аздап үміт пайда болған. Бірақ қонақтар тез арада екі шайба соғып, жағдайды қиындатып жіберді. Кристиан Хенкельдің одан кейін бір голы да жағдайды реттеуге көмектеспеді. Қорытынды есеп – 2:3.

Енді «Барыс» алдағы екі ойынын қонақта өткізеді. Алдымен 24 қаңтарда Ресейде СКА (Санкт- Петербург) командасымен кездессе, одан кейін 26 қаңтарда «Лада» (Тольятти) клубымен жолығады.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) – 2:3

Шайба:
0:1 15:42 Хрипунов (Голышев, Денежкин).

1:1 50:03 Оберг (Шалапов, Хенкель).

1:2 52:06 Волк (Мэйсек).
1:3 56:09 Голышев (Хрипунов, Денежкин).
2:3 56:41 Хенкель (Камара).


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика