Вернуться к списку статей

​«Барыстың» жаңа ойыншысы 100 млн теңгеден астам жалақы алады

Хоккей
236
Instagram/barys_official

Белгілі болғандай, келісімшарт маусымның соңына дейін жасалған. Ал ресейлік «Спорт Экспресс» басылымының мәліметінше, хоккейшінің елорда клубындағы жалақысы жылына 23 миллон рубльді құрайды, яғни 110 миллион теңгеден астам.

Өткен маусымда 34 жастағы хоккейші «Адмирал» сапында өнер көрсетті. Ол ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы 60 матчта 20 (13+7) ұпай еншіледі. Плей-оффта Червены 12 ойын өткізіп, үш нәтижелі пас берді.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын «Барыс» өз айдынында «Нефтехимикті» 8:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

1:0 – 00:13 ЛаБейт (Скленичка, Шалапов). Тең

2:0 – 03:48 Ножье (Бекетаев, Шайхмедденов). Тең

3:0 – 37:36 Барбер (ЛаБейт, Данияр). Тең

4:0 – 43:19 Оберг (Скленичка, Барбер). Тең

5:0 – 46:01 ЛаБейт (Скленичка, Шестаков). Сан басымдығы

6:0 – 54:16 Оберг (Скленичка, Барбер). Сан басымдығы

7:0 – 56:20 Логвин. Тең

8:0 – 57:12 Қайыржан. Тең

Осыдан соң Мәскеуде «Спартакқа» есе жіберді – 3:6.

23 қыркүйекте Астана клубы Новосібірдің «Сібір» клубымен өзара кім мықтыны анықтайды.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика