Вернуться к списку статей

«Барыстың» да жеңетін күні болады екен…

Хоккей
311

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барысы» өз айдынында Владивостоктан келген «Адмиралмен» кездесті.

Соңғы кездері сыннан көз ашпай жүрген беларусь маманы Андрей Скабелканың осы жолы жолы болды. Матчтың 5-минутында «Барыс» сапынан Джозеф Лабейт есеп ашса, одан кейін «Адмирал» қатарынан Максим Чудинов 16, Павел Шэн 24-минутта екі шайба соғып кетті.

Оданкейін 26-минутта Джереми Бракко таразы басын теңестірсе, Джованни Фьоре 40-минутта қайтадан «Адмирал» командасын алға шығарды.

Кездесудің 42, 53-минуттарында «Барыс» капитаны Роман Старченок қос шайба соғып, өз командасына жеңіс алып келді.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 18 қыркүйекте елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен жолығады.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Адмирал» (Владивосток, Россия) – 4:3 (1:1, 1:1, 2:1)

Шайба:
1:0.05:11 ЛаБейт (Оберг, Барбер).
1:1. 16:55 Чудинов (Горшков).
1:2. 24:49 Шэн (Чудинов, Гутик).
2:2. 26:12 Бракко (ЛаБейт, Барбер).
2:3. 40:20 Фьоре (Соловьёв, Горшков).
3:3. 42:36 Старченко (Скленичка).
4:3. 53:25 Старченко (Шайхмедденов, Шалапов).

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика