Вернуться к списку статей

«Барыс» есін жиды. Үш жеңілістен кейін ашуын «Сочиден» алды

Хоккей
201

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыстың» биылғы маусымы да ала-құла болып тұр. Бапкер ауыстырды. Басында екі ойын ұтты, сосын қатарынан үш матчта есе жіберді. Енді бүгін сырт айдында «Сочидің» осал тұсын тапты.

Кездесу алдында ресейлік клуб фаворит саналған. «Барыс» Шығыс Конференциясында 11-ші, «Сочи» Батыс Конференциясында алтыншы орында тұрған.

Матчқа келер болсақ, кездесудің 13-минутында Кирилл Савицкий есеп ашып, «Барысты» алға шығарды. Сосын Райли Барбер үзіліске дейін екінші голды соқты.

Екінші кезең «Сочидің» басымдығымен өтті. Айдын иелері екі шайба, «Барыс» сапынан тек Оберг мергендік танытты.

Үшінші 20-минуттықта елордалық клубтан Батырлан Мұратов пен Понтус Оберг көзге түсті. Ресей команда тек бір шайбамен жауап қайтарды.

Енді «Барыс» 22 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 24 қазанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

12343

Бұған дейін Ғалым Мәмбәтәлиев шәкірттері қатарынан үш ойында жеңілген еді. Бапкер матчтан кейін тілшілердің сауалына жауап берді.

– Сериялық жеңілістен кейін жанкүйерлерді қуантуға тырыстық. Бүгін айдында командалық ойынды көре алдым. Қарсыластың ойыншылары жылдам, жас. Олар жүгіріп түр. Дегенмен, қарсыласты тоқтата алдық. Өзіміздің ойын жүрді.

– Бүгін құрамда Роман Старченко мен Әлихан Өмірбеков болмады. Себебін айта аласыз ба?

– Роман Тоьяттиде жарақат алды. Қашан құрамаға оралатынын білмейді. Екі-үш апта дегендей қылды. Ертерек жазылады деп үміттенемін. Әлиханға шайба тиген. Тіпті, жүре алмай қалды.

– Аркадий Шестаков бүгін капитан ретінде шықты....

– Ол капитан болуға лайық деп санаймын. Аркадий – команданың бет бейнесі. Жігіттерге үлгі бола алады.

«Сочи» (Сочи, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 3:5

Шайба:

0:1 – 13:55 Савицкий (Мұратов, Шестаков).

0:2 – 18:50 Барбер (ЛаБейт).

1:2 – 34:52 Попов (Грэм).

1:3 – 36:18 Оберг (Никитин).

2:3 – 38:08 Грэм (Сагадеев, Шиксатдаров).

2:4 – 46:46 Мұратов. 2:5 – 58:45 Оберг (Нұрғалиев).

3:5 – 59:58 Мичков (Грэм).


Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика