Вернуться к списку статей

Антальядағы Grand Slam-ның алғашқы күнінде Абиба ғана жүлде алды

Түркияның Анталья қаласында дзюдо күресінен әлемдік Grand Slam басталды. Жарыстың алғашқы күнінде әдеттегідей 48 келі салмақта күрескен Абиба Әбужақынова қола жүлде алды.

Қазақ балуаны алғашқы айналымда бос болған. Одан кейін Португалия дзюдошысы Ракель Бритоны оңай жеңді. Сосын ресейлік Кристина Дудинаны ипонға түсірді. Ширек финалда АҚШ-тан келген Мария Лаборденің осал тұсын тапты. Жартылай финалда 3 дүркін әлем чемпионы жапон мықтысы Нацуми Цунодадан айласын асыра алмады. Абиба бұл балуаннан осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Соңғы рет Азия ойындарының финалында есе жіберген.

Ал қола медаль үшін бейтарап ту астында өнер көрсететін ресейлік дзюдошы Сабина Гилязовмен күресіп, хансокумен жеңіске жетті.

Айта кететін жайт, Абиба Әбужақынова аталған спортшыдан 4 апта бұрын Ташкент Гранд Слэмінің финалында есе жіберген еді.

Сөйтіп, 27 жастағы спорт биылғы жылы төртінші жарысында жүлде еншілеп отыр.

Қаңтар айында ол Португалияда өткен Grand Prix және Бакудегі Grand Slam жарысында үшінші орынға тұрақтаған. Ташкентте мансабында алғаш Grand Slam жарыстарының күміс медалін алған. Жалпы Grand Slamдер де жеті медаль жеңіп алды.(6 қола,1күміс) Grand Prix жарыстарында алған 1 алтын, 1 қола жүлдесі бар.

Бұдан өзге күрескен Қазақстан дзюдошылары іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жарыста жүлдесіз қалды. Олардың арасында 66 келіде белдескен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар.


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика