Вернуться к списку статей

«Ақтөбе» бас бапкерін таныстырды

Футбол
169

Украинада туып, сол елдің ұлттық құрамасының намысын қорғап, кейіннен Ресейдің азаматтығын алған Дмитрий Парфенов енді «Ақтөбені» жаттықтырады.

Еліміздің бес дүркін чемпионы шыны керек, Ресей мен Украинаға қатысы бар бапкерлерді жақсы көреді. Мысалы, 2003-2004 жылдары Александр Ищенко (Украина),2006-2012 және 2017-2018, 2021-2022 жылдары Владимир Муханов (Ресей), 2014-2015 жылдары Владимир Газзаев (Ресей), 2016 жылы Юрий Уткульбаев (Ресей), 2020 жылы Владимир Маминов (Ресей), Алексей Петрушин (Ресей) және Владимир Зеленовский (Ресей) жаттықтырды. Арасында беларусь Алексей Бага, Александр Седнев тағы бар.

Парфеновті «Ақтөбеге» Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұсынды деген сыбыс бар. Оның кандидатурасын облыс әкімі Асхат Шахаров қабылдаған.

Дмитрий Парфенов 1974 жылы дүниеге келген. Футболшы ретінде карьерасын алдымен туған жері Одесса «Черноморец» командасынан бастаған. Сосын «Днепрде» доп тепті. 1998 жылы сол кезде атағы дүркіреп тұрған Мәскеудің «Спартак» клубына ауысты. Олег Романцевтің тұсында төрт дүркін чемпион атанды.

1996-2004 жылдары Украина ұлттық құрамасында ойын көрсетті.

2012 жылы бапкерлік мансабын бастап, Ресей жасөспірімдер құрамасының тізгінін ұстады. Кейіннен «Текстильщик» (Иваново) клубын баптап, «Тосно» (Санкт-Петербург) ұжымымен Ресей кубогын жеңіп алды.

Одан бөлек, ресейлік «Урал» клубымен де ел кубогының финалына дейін жетті. Сондай-ақ тулалық «Арсеналды» жаттықтырды. 2022-2023 жылдарда «Родина» (Мәскеу) клубына басшылық етті.

«Ақтөбеден» қазірдің өзінде былтырғы маусымның көшбасшылары Лука Гадрани (Грузия) мен Андре Сантана (Бразилия) «Қайрат» сапына ауысып үлгерді.

Парфенов енді ресейлік футболшыларын толтырып алмаса екен деп үміттенеміз. Өйткені онсыз да клуб Роман Изотов сияқты футболшылардан құтыла алмай жүр.

Дмитрий Парфенов, «Ақтөбе» клубының жаңа бас бапкері:

– Эмоция керемет. Облыс басшысымен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Шешім қабылдауыма да сол әсер етті. Бұл мен үшін жаңа белес. «Ақтөбенің» өзіндік тарихы бар. Бірнеше рет чемпион атанған. Жанкүйері де көп. Бұл мен үшін маңызды. Себебі, егер стадион толы ойын болса, жауапкершілік екі есе артады. Қосымша күш береді. Мұны кез келген ойыншы мен бапкер де растайды. Сондықтан ұсынысты қуана-қуана қабылдадым.

– Клубқа кім шақырды, кім хабарласты?

– Аздап ойландым. Сосын бірлесіп шешіп, келісімге келдік. Екі күн бұрын ұшып келіп, сөйлестік. Облыстағы басты адам әкіммен кездестік. Клуб үшін уайымдайтыны көрініп тұр. Мұндай қызығушылық позитив сыйлады. Өйткені бұл қала футболмен тыныстайды. Негізгі фактор болғаны жасырын емес. Футбол жанкүйер үшін ойналады.

– «Ақтөбенің» және Қазақстан футболымен тарихымен қаншалықты таныссыз?

– Чемпионат оңай емес. «Ақтөбе» сияқты флагмандары бар. Ұзақ уақыт ел біріншілігінде көшбасында жүрді. Бірнеше футболшымен таныспын. Головской, бапкер Муханов, Евгений Ловчевтермен жақсы байланыстамын. Үлкен армия жанкүйері барынан хабардармын.

Сіздің алдына қандай мақсат қойылды?

– Жоғары орындарға таласамыз. Әзірге нақты ештеңе айтпай-ақ қояйын. Команда жақсы шабуыл мен қорғаныста баланс болғанын қалаймын. Чемпионатта көшбасшылық орыннан түспеуіміз қажет.

«Ақтөбе» қандай футбол көрсетеді?

– Шынв керек, шабуылға бейімделген жанкүйерлердің көңілінен шығатын ойын көрсеткіміз келеді. Бастысы баланс болу тиіс. Бұл да маңызды.

Жанкүйерлер мен БАҚ тарапынан айтылатын сынға дайынсыз ба?


– Біріншіден, менде бала емеспін. Тәжірибем бар. Басқа командалармен жақсы нәтиже көрсеткенмін. Сосын бұл біздің кәсібіміз. Сын мен қолпаштау қатар жүреді. Бұл біздің профессияның бір бөлігі.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика