Вернуться к списку статей

«Атырау» Вахид Масудовты қызметінен босатты

Футбол
1K
Фото: rfcatyrau.kz
Қазақстан премьер-лигасында – алғашқы отставка. «Атырау» бас бапкерін қызметінен босатты.

«Атырау» футбол клубы мен бас бапкері Вахид Масудов өзара келісім бойынша еңбек келісімін бұзыпты. Себеп – «Атыраудың» төрт турда да ұтылып, бірде-бір ұпай еншілей алмауы. Мұнайлы өлкенің командасы қазір соңғы орында тұр. Доп айырмасы: 3-8.

Иә, алғашқы төрт турда «Атыраудың» жолы болмады. Негізі, азулы командалармен кездескен еді. Түзде «Ертіс», «Қайрат» және «Тобыл» үшеуінен ұтылды. Өз алаңында «Ордабасы» клубына есе жіберіп алды. Матч тағдырын пенальти шешті. Масудов айтқандай, бұл төртеуінің үшеуі – Еуропа лигасында ойнап жүрген және ойнайтын командалар.

Әйтсе де, команда басшылары бас бапкерін ауыстырғанды жөн санапты. Мүмкін дұрыс та, шығар. Десек те, Қазақстан премьер-лигасындағы клубтарымыздың отандық бапкерлерді оп-оңай отставкаға жібере салатындықтарына да көңіл аударғымыз келеді. Көп уақыт бермейді...

Әрине, мұның түп-тамыры – еңбек келісіміндегі талап-шарттарда. Шетелдік бапкерлер өтемақы талап етеді, өз құқықтарын көлденең тартады. Ал өз мамандарымыз ұялады. Команданың ойынын жетілдіре алмаса, бәрін өз мойындарына алады.

Вахид Масудов та «бұл шешім атүсті емес, ойланып барып қабылданды. Соңғы ойындарда команда көңілге қонымды нәтиже көрсете алмады. Командаға психологиялық сілкініс, тың серпін қажет. Қостанайдағы жеңілістен кейін өз орнымнан кету туралы өтініш білдірдім. Командағы барлық құрамына, әрбір өкіліне алғыс білдіремін», – депті.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика