Төртінші турдағы алты ойынның бесеуінде алаң иелері жеңіске жетті. Тек біреуінде қонақтар басымдық танытты. Жай ғана басымдық танытпай, «Астана» Павлодарда «Ертісті» 6:1 есебімен жүндей түтті. Бұл «Ертістің» өз алаңындағы ең ірі жеңілісі болды.
Өткен үш турмен салыстырғанда, бұл турда доп қақпаға, көктемгі жаңбырмен қабаттаса жауғанымен қоймай, бірде-бір пенальти және автогол боған жоқ. Әрі алаңнан қуылған ешкім де жоқ. Тек қызықты ойын мен табан тірескен додаға толы болды.
Төртінші турдағы 23 голдың 12-сі бірінші таймда соғылды. Қалған 11-і ойынның екінші жартысында салынды. Осы ретте айта кетерлігі, Павлодардағы «Ертіс» пен «Астана» арасындағы ойынның екінші жартысында алты гол соғылып, алғашқы 45-минутынан қызықты өтті.
Бұл турдағы 23 голдың 13-ін легионерлер соқты. Қалған 10-ын өз футболшыларымыз салды. Солардың екеуі ғана – қазақ...
Биылғы маусымдағы алғашқы хет-трик осы, төртінші турда тіркелді. «Астананың» жас футболшысы Бахтиер Зайнутдинов «Ертістің» қақпасына үш гол салып, мергендер көшін бастады.