9-15 сәуір аралығында Арменияның астанасы Ереванда 15 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында «UEFA кубогы» айдарымен халықаралық турнир өтеді. Оған алғаш рет Қазақстан-U15 құрамасы қатысады.
Бұл турнирге біздің жеткіншетерімізбен бірге Беларусь, Кипр және Армения таланттары қатысады екен. Осыған орай, Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты бүгін осы жас мөлшеріндегі құрамамыздың ойындар күнтізбесі мен құрамын жариялады. Енді соған көңіл аударайық:
Ойындар күнтізбесі
10 сәуір: Армения – Қазақстан
12 сәуір: Қазақстан – Кипр
14 сәуір: Беларусь – Қазақстан
Қазақстан-U15 құрамасы:
қақпашылар – Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Константин Оноприенко («Астана»);
қорғаушылар – Әкімжан Серикбаев, Диас Қайбар, Александр Лисин (бәрі де – «Астана»), Асқар Сәтішев, Шыңғыс Дихан, Руслан Тәшметов (бәр де – «Оңтүстік» академиясы), Арсен Азатов, Александр Широбоков (екеуі де – «Қайрат»);
жартылай қорғаушылар – Айдос Табиғат, Әлихан Өтешев, Дархан Дүйсембаев, Бақдәулет Батырбаев (бәрі де – «Астана»), Әсет Қоңшиев, Жақсылық Мұсабек (екеуі де – «Оңтүстік» академиясы), Абзал Қалау, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де – «Қайрат»);
шабуылшылар – Алмас Рамазанов («Қызыл-Жар»), Кирилл Лавренюк («Қайрат»);
Аға жаттықтырушы – Владимир Глевич,
Аға жаттықтырушының көмекшісі – Ербол Мұсабаев,
Қақпашылар жаттықтырушысы – Александр Коночкин.