Вернуться к списку статей

Жоғарғы Сот пен Бас Прокурор «Олимпке» 1,8 миллиард теңге салық төлетті

Футбол
1K
Фото: nationalbank.kz
«Олимп» букмекерлік кеңсесі 1,8 миллиард теңге көлемінде салықты төледі, – деп мәлімдеді жақында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайты.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында былай деп жазылған:

Жыл басынан бері Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы негізінде 11 сот актісін қайта қарап, мемлекет пайдасына 2,6 млрд. теңге өндірді. Бұлар негізінен мемлекеттік сатып алу, салық және т.б. дауларға қатысты болды.

Мысалы, Алматы қаласының соттары заңсыз салық органыны хабарламасының (ескертулерінің) күшін жойып, «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС-ін ойын бизнесіне 1,8 млрд. теңге салық төлеуден босатқан.

Букмекерлік кеңсе ойыншылардан интернет ұтыстар қабылдайды.

Ойыншы ұтылса, ол Олимптің кірісі (пайдасы), яғни түскен қаражаттан ойын бизнесіне салық төленуі тиіс. Алайда, Олимп салықты төлемеген. Нәтижесінде мемлекетке 1,8 млрд. теңге мөлшерінде залал келтірді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық енгізді.

Жоғарғы Сот наразылықтың уәждерімен келісіп, 2018 жылдың 27 наурызында жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойды және Олимптің өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Сол күні Олимп 1,8 млрд. теңге көлемінде салық төледі.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика