Вернуться к списку статей

Бірінші лига доп додасын бастады

Футбол
1K
Фото: fckairat.com
Футболдан Қазақстан біріншілігінің Бірінші лигадағы командалары алғашқы турды өткізіп, биылғы маусымды бастады.

Былтыр ғана премьер-лигада ойнаған, құрамында тәжірибелі ойыншылары жетерлік «Тараз» түзде «Байқоңырмен» тең түсті. Құрамында тек қазақ жігіттері ойнайтын ұжымға азуы батпады. 90 минут бойы гол соға алмай пұшайман болды. Ал «Оқжетпес» «Жетісудың» жастарын әзер ұтты.

«Қайраттың» жас таланттары «Каспиий» клубын екі доп айырмасымен ұтып жатып, ұтылып қалды. Ойынның 30-минутында бір футболшысы алаңнан қуылып, бірінші таймда екі доп салғандарымен, матчтың екінші жартысында үш гол жіберіп алды.

Оңтүстік Қазақстан облысының екі клубы да бірінші турдағы ойындарын өз алаңдарында өткізген. «Мақтаарал» биыл құрамын күшейткен «Екібастұзды» ала алмады, «итжығыс» түсті. Ал «Қыран» «Шахтердің» жастарын ойсырата жеңді. Осы ірі жеңісінің арқасында бірінші орынға шықты.

«Алтай» мен «Ақтөбе-Жас» арасындағы ойын дүйсенбіде өтті. Себебі Шығыс Қазақстан облысында дәл қазір футбол ойнау мүмкін емес, су басып жатыр. Сондықтан бұл ойын Шымкенттегі «БИІК» футбол орталығында өтті. Тимофеевтің командасы бірінші таймда екі гол соғып, Бірінші лигаға жақында ғана қосылған командадан басым түсті.

«Байқоңыр» – «Тараз» – 0:0

«Жетісу Б» – «Оқжетпес» – 0:1
Гол: Жақсылық, 36.
Алаңнан қуылды: Орынбасар, 45 («Ж»).

«Қайрат А» – «Каспий» – 2:3
Голдар: Кривенцов, 5 (1:0). Бахтияров, 40 (2:0). Қадырбаев, 55 (2:1). Қызылтаев, 64 (2:2). Нұрсұлтанов, 75 (2:3).
Алаңнан қуылды: Оразов, 30 («Қ»).

«Мақтаарал» – «Екібастұз» – 0:0

«Қыран» – «Шахтер-Болат» – 4:1
Голдар: Махамбетов, 16 (1:0). Махамбетов, 42 (2:0). Бернацкий, 60-пенальтиден (3:0). Жолдасов, 90 (3:1). Левин, 90+2 (4:1).

«Алтай» – «Ақтөбе-Жас» – 2:0
Голдар: Шакин, 2. Вяткин, 30.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика