Вернуться к списку статей

Левников пен федерация тағы да «айырылысты»...

Футбол
1K
Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты Николай Левниковтің қызметінен кетіп қалғандығын жариялады...

ҚФФ Төрешілер және инспекторлар департаментінің директоры, Ресей маманы Николай Левников лауазымды орнын босатыпты. Ресми түрде «отбасылық жағдайына байланысты кетті» деп жарияланды. Әрі былтырдан бергі атқарған жұмыстарына алғыс жолданды.

Николай Левников осымен екінші рет Қазақстан футбол федерациясының төрешілер департаменті басшысынан кетіп отыр. Бірінші рет осыдан 10 жыл бұрын келіп, 2008-2009 жылдары жасыл алаңдағы қазыларымызды басқарған.

Былтыр қаңтар айынан бастап екінші рет ҚФФ Төрешілер және инспекторлар департаментінің директоры қызметіне кіріскен. Енді, тағы да кетіпті. Үшінші рет келе ме екен?!. Оның орны бос тұрған жоқ. Қазақстан футбол федерациясы бұл қызметке Сергей Кенетаевтың тағайындалғандығын бірден жариялады.

Сергей Кенетаев – кезінде футбол да ойнаған, елімізге танымал маман, бұрынғы төреші. 1996-2008 жылдары Қазақстан чемпионатында 181 ойынға қазылық еткен көрінеді. 2000-2003 жылдары FIFA-ның халықаралық дәрежедегі төрешісі (11 ойын). 2001 жылдан бері Жоғары дәрежедегі ұлттық төреші. 2009 жылдан бері ел чемпионатындағы ойындарға инспектор болған.  

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика