Вернуться к списку статей

Бекем бол, Болгария! Қазақстан құрамасы негізгі құрамын жариялады

Футбол
1K
Фото: kff.kz
Бүгін түнде Болгария футболшыларымен жолдастық кездесу өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасы негізгі құрамын жариялады.

Еліміздің ұлттық құрамасының бүгінгі матчта алаңға шығатын негізгі құрамын Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жариялады. Бас бапкер Станимир Стойлов бүгінгі матчты мына құрамда бастайтын болыпты:

Владимир Плотников – Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков  Исламбек Қуат, Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламxан – Роман Муртазаев, Еркебұлан Сейдаxмет  Сергей Хижниченко. 

Қосалқы құрам: Ненад Эрич, Александр Мокин; Дмитрий Шомко, Елдос Аxметов, Нұралы Әліп, Дмитрий Мирошниченко; Магомед Парагульгов, Юрий Перцуx, Еркебұлан Тұңғышбаев, Алексей Щеткин.

Реті келгенде естеріңізге сала кетейік, Болгария және Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу бүгін түнде, Астана уақытымен 22:00-де басталады. Отандық жанкүйерлер бұл матчты «Хабар» телеарнасынан тікелей эфир арқылы тамашалай алады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика