Тізгінін биыл ғана Талғат Байсуфинов қолына ұстаған Қазақстан-U21 құрамасы бүгін «Астана-Арена» стадионында жаттығу жұмыстарын өткізді. Іле-шала Францияның жас таланттары да Сарыарқа төсіндегі төбесі жабық стадионның жасанды алаңында доп теуіп көрді.
Ертең сағат 19:00-де Қазақстан және Франция жастары 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойындарын өткізеді. 9-іріктеу тобындағы екі құрама бұған дейін, яғни 2017 жылдың 5 қыркүйегінде француз жерінде кездесіп, алаң иелері 4:1 есебімен басым түскен-ді.
Ертең біздің жігіттер есе қайтаруға тырысып көреді. Әрине, дәл қазіргі Франция-U21 құрамасы – өте азулы ұжым. Құрамындағы жас таланттарының көбісі өз елдерінің және Германия мен Англияның азулы клубтарында ойнайды. Әйтсе де, Талғат Байсуфинов шәкірттерін қайрап, намыстарын жанып отыр...
2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. 9-топ