Вернуться к списку статей

"Шахтер" – Беларусь бапкері мен 31 жасар бастықтан не күтеміз?

Футбол
1K
Шахтердің бас бапкері мен директоры
Қарағандының «Шахтері» бүгін көпшілікке команданың бас бапкері мен клубтың бас директорын таныстырды. Ал алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін «кеншілер» ертең Анталияға аттанады.

Клубтың директоры болып 31 жастағы маман Әлібек Оразғалиев тағайындалды. Бұған дейін футболда еш тәжірибесі жоқ маман қаржы және бизнес саласында аз-кем қызмет еткен екен. Ал команданы биыл беларус маманы Владимир Журавель жаттықтырады.

– Өткен маусымда Беларуссияның «Динамо-Брес» командасын жаттықтырып, ел чемпионатында 4-ші орынға ие болдық. Сондай-ақ, 10 жыл бойы қол жеткізе алмай келген ел кубогын да жеңіп алдық. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты маусым соңында жолымыз екіне айрылды. Өмірімді өзгерткім келіп жүрген. «Шахтер» мен үшін жаңа сынақ. Қазір команданы күшейте алатын ойыншылардың тізімін жасап жатырмыз. Бәрін де ақылдасып шешеміз, - деді Владимир Журавель.

Айта кетерлігі, Журавель «Шахтерді» өткен маусымда жаттықтырған мамандарды алып қалуды жөн көріпті. Яғни, Андрей Финонченко да жаңа жаттықтырушының көмекшісі болады. Ал алғашқы оқу-жаттығу жиынын қарағандылықтар қаңтардың 9-ы мен 29-ы аралығында Жерорта теңізінің жағалауында өткізеді. Клуб Анталияға ертең-ақ аттанып кетпек.

«Динамо Бресттен» бөлек, бұл бапкер Солигорскінің «Шахтерін», Минскінің «Динамосы» мен «Гомелін» жаттықтырған екен. Беларуссияның бес дүркін жүлдегер атанып, Беларусь кубогын бір рет жеңіп алған.  

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика