Вернуться к списку статей

«Рубиннен» – «Қайратқа», «Қайраттан» – Қазақстан құрамасына

Футбол
1K
Фото prosports.kz сайтынан алынды
Отандық білікті маман Павел Черепанов Қазақстан футбол федерациясының Талдау тобына жетекші болып бекітіліпті.

Жақында Қазақстан футбол федерациясы еліміздегі клубтардың бас бапкерлері мен спорттық директорларын жинап, ұлттық құрама мүддесіне бағытталған рет форум өткізді. Осы жиында Павел Черепановтың Қазақстан футбол федерациясының Талдау (сараптама) тобына жетекші болып бекітілгендігі мәлім болды.

Павел Черепанов – көпшілікке танымал маман. 1964-68 жылдары «Динамо» (Целиноград), 1969-77 жылдары «Трактор» (Павлодар) клубтарында ойнаған. Одан кейін жетекшілік және жаттықтрушылық қызметке ауысып, еңбек жолын Павлодардан бастаған.

«Трактор» клубында команда басшысы және жаттықтырушы боған. «Мұнайшы» (Ақтау), «Намыс» (Алматы), «ЦСКА-Қайрат» (Алматы), «Батыс» (Орал) клубтарында да жаттықтырушылық қызметті атқарған. Ал 2003 жылы Татарстанға кетіп, «Рубин» клубында тәжірибе жинақтаған.

«Рубинде» табаны күректей 10 жыл еңбек етіп, Құрбан Бердыевпен бірге осы клубты жоғары жетістіктерге жетуіне өз үлесін қосқан. Әдістемелік талдамалар жазған. 2013 жылы Қазақстанға қайтып келіп, «Қайрат» футбол клубында Скаутинг бөлімінің басшысы болды.

Енді, міне, Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшылары отандық білікті маманды ұлттық құраманың мүддесі үшін жаңа қызметке тартыпты. Павел Черепанов федерацияда Талдау тобын басқарады екен. Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стойловқа қажетті де, маңызды деректер ұсынып отыруы керек.   

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика