Екі ойында елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтеді. Алдымен 23 наурызда Франция таланттарын қабылдасақ, төрт күннен кейін Люксембург жастарына қарсы алаңға шығады. Екі матчтың да басталу уақыты сағат 19:00.
Жастар құрамасының аға бапкері Талғат Байсуфинов командаға 25 ойыншыны шақырыпты. Бұдан бөлек, резервтегі тізімде тағы бес ойыншы бар.
Дәл қазір «Еуро-2019» іріктеу турнирінің іріктеу кезеңінде Франция құрамасы біздің топта 15 ұпаймен көш бастап тұр. Олар бес ойынның бесеуінде де жеңіске жеткен. Одан кейін 10 ұпаймен Словения тұр. Үздік үштікте Талғат Байсуфинов бастаған Қазақстан жастары. Еншімізде 6 ұпай. Бізден кейінгі орындарға 5 ұпаймен Болгария, 4 ұпаймен Люксембург орналасса, көш соңында – бір ғана ұпайы бар Қаратау жастары.
Қазақстан жастар құрамасы:
Қақпашылар: Игорь Трофимец («Ақтөбе»), Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»);
Қорғаушылар: Дәурен Мәжитов, Қуаныш Қалмұратов (екеуі де - «Атырау»), Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Ян Вороговский (барлығы – «Қайрат»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Сұлтан Әбілғазы («Тобыл»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Мидат Галбаев («Ертіс»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»);
Жартылай қорғаушылар: Геворг Наджарян («Шахтер»), Демият Сламбеков («Жетісу»), Иван Антипов («Ақжайық»), Ринат Жұматов, Наурызбек Жагоров (екеуі де - «Атырау»), Самат Шәмші («Ордабасы»), Әділет Әбденәби («Тараз»);
Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Ерасыл Сейітханов («Байқоңыр»), Акмаль Бақтияров, Самат Сәрсенов (екеуі де – «Қайрат»);
РЕЗЕРВ: қақпашы – Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»), қорғаушылар – Елжас Сарбай («Байқоңыр»), Айбол Жақаев («Қайсар»), жартылай қорғаушылар: Ескендір Қыбырай, Рашид Люхай (екеуі де – «Қайрат»);
Жаттықтырушылар штабы: аға жаттықтырушы – Талғат Байсуфинов, аға жаттықтырушының көмекшісі – Алмас Құлшынбаев, аға жаттықтырушының көмекшісі – Марат Еслямов, қақпашылардың жаттықтырушысы – Юрий Ишутин.