Вернуться к списку статей

Бауыржан Исламхан – Ұлттық құрамаға әлі шақырту алған жоқпын

Футбол
1K
Бауыржан Исламхан – Ұлттық құрамаға әлі шақырту алған жоқпын
Ертең Суперкубок ойынымен елімізде футбол маусымы ресми түрде ашылады. Елордамыздың «Астана-Арена» стадионына ел чемпионы «Астана» мен Ел кубогының иегері «Қайрат» шығады. Матч алдындағы баспасөз мәслихатында алматылықтардың капитаны Бауыржан Исламхан журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.

– Қайырлы күн, құрметті достар! Ертең бұйырса маусымның алғашқы ойыны. Кездесуде кімнің фаворит екендігі туралы артық ештеңе айтқым келмейді. Барлығын ойын көрсетеді.

– Команда сапында бірнеше өзгерістер орын алды. Алматылық команданың үздік сұрмергені Жерар Гоу командадан кетті. Бұл сіздердің ойындарыңызға қалай әсер етті?

– Иә, команда құрамында бірнеше өзгерістер болды. Командамыздан бір ойыншы кеткенімен орнына екі ойыншы келді. Сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Жерар елімізде өткізген бірнеше маусымда өте көп гол соқты. Команда сапына келген ойыншыларды біз өз қатарымызға жылы қабылдап, сіңісіп кетуі үшін барлығын жасайтын боламыз.

– Оқу жаттығу жиынын қорытындылап жіберсеңіз...

– Бұл сұрақтаға бас бапкер жауап беруі тиіс деп ойлаймын.

– Бірнеше күн бұрын Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Осы туралы сіздің пікіріңіз?

– Бапкер Қазақстан футболы туралы барлығын біледі. Менің ойымша, осындай тәжірибелі маманның Ұлттық құрама команда тізгінін ұстауы – біз үшін өте керемет жаңалық деп айта аламын. Төрт жылдан бері елімізде қызмет жасап, өте үлкен жоғары жетістіктерге жетті. Ел футболы туралы барлығын біледі деп ойлаймын. Біз Станимирдің қол астында Ұлттық құрамамен жоғары жетістіктерге жетуге тиіспіз.

– Сіз Ұлттық құрамаға шақырту алдыңыз ба?

– Жоқ, әлі алған жоқпын. Бірақ, бәрінің мүмкіндігі бірдей деп ойлаймын.

– Ертеңгі ойында «Қайрат» командасының ресми фанаттары болмайды. Осы жағдай кездесу барысына әсер етуі мүмкін бе?

– Бұған алаңдамаймыз. Еліміздің түкпір-түкпірінде біздің жанкүйерлеріміз жетерлік.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика