Вернуться к списку статей

«Қайрат» Еременко кубогын төртінші рет жеңіп алды

Футбол
1K
Фото: afckairat.kz
Ресейде футзалдан Еременко кубогы көмбесіне жетіп, Алматының «Қайраты» төртінші рет жеңімпаз атанды.

Биылғы Еременко кубогы халықаралық турнирі «Қайрат» үшін аса сәтсіз басталды. Бірінші турда Ресейдің «Норильский никель» клубынан ұтылып қалған болатын. Бірақ бұдан кейін қарқынын үдетіп, қалған екі қарсыласын да 7:3 есебімен тізе бүктірді.

Ал «Қайратты» ұтқан «Норильский никель» клубын осы елдің екінші клубы тізе бүктірді. Атап айтқанда, КПРФ өз жерлестерін ұтып, жеңімпаз атанудан дәмелі еді. Оларға соңғы ойында алматылықтардан бір доп айырмасымен ұтылса да, жеткілікті болатын. Бірақ Какаудың шәкірттері олардың ырқына көне қоймады...

1-тур

КПРФ – «Никарс» – 11:3
«Қайрат» – «Норильский никель» – 3:4

2-тур

КПРФ – «Норильский никель» – 3:0
«Қайрат» – «Никарс» – 7:3

3-тур

«Норильский никель» – «Никарс» – 4:3
«Қайрат» – КПРФ – 7:3

Қорытынды кестедегі командалардың орындары:

1. «Қайрат» (Алматы, Қазақстан)
2. КПРФ (Мәскеу, Ресей)
3. «Норильский никель» (Норильск, Ресей)
4. «Никарс» (Рига, Латвия)

«Еременко кубогы» турнирінің үздік ойыншылары:

Ең көп гол соққан ойыншы: Тайеби («Қайрат») – 6 доп
Үздік қақпашы – Игита («Қайрат»)
Үздік қорғаушы – Паулиньо (КПРФ)
Үздік шабуылшы – Артем Ниязов (КПРФ)
Ең үздік ойыншы – Дуглас («Қайрат»)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика