Станимир Стойлов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған соң, «Астана» клубының тізгінін Григорий Бабаян ұстады, – деп жариялайды, аталмыш клубтың ресми сайты.
Григорий Константинович – «PRO» жаттықтырушы санатына ие маман. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан құрамасында, «Астана», «Цесна» және «Алма-Ата» футбол клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.
Бабаян осы жылдары Мирослав Беранек, Бернд Шторк, Антониус Йора, Иоан Андоне, Юрий Красножан, Олег Протасов және Станимир Стоилов секілді жаттықтырушылардың көмекшісі болып, тәжірибе жинақтады.
2014 жылы елорда командасын жаңа маусымға дайындап, сол жылдың жазына дейін бас бапкердің міндетін атқарған. Жаттықтырушы ретінде Қазақстан чемпионатында төрт рет, ел кубогында үш мәрте жеңімпаз атанып, Суперкубок иегері де атанған.