Вернуться к списку статей

Марадона Аргентина құрамасына алған футболшы Шымкентке келді

Футбол
1K
Фото fcordabasy.kz сайтынан
«Ордабасы» футбол клубы Аргентинаның жартылай қорғаушысы Факундо Бертольомен келісімшартқа отырғандығын ресми түрде жариялады.

Факундо Бертольо 1990 жылы 30 маусымда туған. Бойы – 172 см, салмағы – 64 келі. «Колон» (Санта-Фе) клубының түлегі. Аргентина чемпионатында 46 рет алаңға шыққан. Либертадорес кубогында екі ойын өткізген.

2010 жылы Киевтің «Динамосымен» бес жылдық келісімшартқа отырған. Шетелдік басылымдарға сенсек, жарақаты бар екенін жасырған. Алайда сол жарақатының кесірінен негізгі құрамда ойнай алмайды. Небәрі төрт-ақ ойын өткізеді. Содан 2011 жылы шілде айында Италияда ота жасатады...

2012 жылдан бастап, біраз командаларға жалға беріледі. Атап айтқанда, «Гремио» (Бразилия), «Эвиан» (Франция), «Тигре» (Аргентина) және «Астерас» (Грекия) клубтары сапында ойнап шыққан...

2016 жылы Кипрдің АПОЭЛ клубына ауысады. Екі жылдың ішінде 10 ойын өткізіп, екі гол соққан. 2016 жылы осы команда «Астанамен» Еуропа лигасының топтық кезеңінде кездескенде, Факундо Бертольо Никосияда өткен бірінші ойынның 56-минутында алаңға шыққан болатын (15 қыркүйек, 2:1).

Сондай-ақ, Аргентина құрамасы сапында бір ойын өткізіп, екі гол соққан. 2010 жылы 6 мамыр күні, яғни 19 жасында Диего Марадона өз елінің ұлттық құрамасы сапына шақыртқан. Гаити футболшыларымен өткен жолдастық кездесуде Факундо Бертольо екі гол соғады. Ал матч 4:0 есебімен аяқталған болатын.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика