Вернуться к списку статей

Енді бір ойында төрт ойыншы алмастыруға бола ма?

Футбол
1K
Фото marca.com сайтынан
Братиславада өткен 42-інші UEFA Конгресінде бір ойында төрт футболшы аустыру мәселесі қаралған.

Бұл ақпаратты беделді Marca басылымы таратты. UEFA өз туы астындағы барлық додаларда бір ойында төрт футболшы ауыстыруға рұқсат беретін сияқты. Братиславада өткен 42-інші UEFA Конгресінде осы мәселе талқыланған. Нақты шешім жақын арада қабылдануы керек.

Футбол ережесіне мұндай өзгеріс енгізуге футболшылардың бір маусымда өте көп ойын өткізетіндіктері түрткі (себеп) болған. Сондықтан олардың  денсаулығына алаңдаушылық білдірген UEFA бұл мәселені қолға алған. Тіпті іс жүзінде қолданып, тәжірибеден өткізіп те көрген.

Атап айтқанда, жастар арасындағы Еуропа чемпионатында (U21, 2017 жылы), әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатында (2016 жылы) және бойжеткендер арасындағы Еуропа чемпионаттарында (2016 және 2017 жылдар) әр командаға төрт ойыншыдан алмастыруға мүмкіндік берілген.

Шетелдік басылымның мәлімдеуінше, бұл тәжірибе көпшілікке ұнаған. UEFA-ның көңілінен шыққан. Енді тек бекітіп, іс жүзінде жүзеге асырылуы ғана қалған. Бірақ қашан енгізілетіні белгісіз. Жалпы, Еуропа футбол қауымдастықтары одағының Ақару комитеті өз мәжілісін 24 мамыр кұні Киевте өткізеді...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика