Вернуться к списку статей

Александер Чеферин: UEFA – банк емес, біз - қауымдастықпыз

Футбол
1K
Фото: uefa.com
Братиславада 42-інші УЕФА Конгресі өтті. Еуропа футбол қауымдастықтары одағының басқосуына осы ұйымның құрамына кіретін 55 елдің бәрінің де өкілдері қатысты.

UEFA президенті Александер Чеферин Еуропа футболын дамыту және жетілдіре түсу мақсатында өзгелерге үлгі болып, көшбасышылық мәртебесін нығайта түсулері керек екендігін қадап-қадап айтқан. Футбол өнерінің бағалылығын сақтай отырып, оның дәрежесін одан әрі көтеріп, мерейін өсіре беруді тілге тиек еткен.

«Көбісі UEFA-ны Еуропадағы спорттық ұйымдар ішіндегі үлгі тұтарлығы деп санайды. Біз – көшбасшымыз. Бірақ бұған тоқмейілсіп жүре беруге болмайды. Керісінше, біз алдымызға мейілінше жоғары мақсаттар қоюымыз керек. Үлкен мақсаттар қойып, тың жобаларды жүзеге асырудан қорықпауымыз да, тартынбауымыз да керек», – дейді Александер Чеферин.

Ашығын айтайық, Чефериннің «УЕФА-ның негізі миссиясының бірі – түскен түсімді (пайданы, ақшаны) Еуропа футболының игілігі үшін бәріне бөліп беріп отыру» деді. Тіпті өз сөзін былай түйіндеді:

Біз қаржыны бөліп беріп отыруымыз керек. Қазіргіден де көбірек. Жаңа жүйемен. UEFA – банк емес. Біз – қауымдастықтар қауымдастығымыз, негізгі мақсатымыз – Еуропа футболын дамытуға ықпал ету.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика