«Егер Алиса қамауға алынса, онда мен ол жақта футбол ойнауды доғарамын. Бұл – мен үшін өз қолымды өзім шауып тастаумен тең. Өкінемін, шын. Мені футболсыз қалдыра көрмеңіздерші, өтіменмін. Тек өз жұмысымды істеп, ақша тапқым келеді. Алисаны жақсы көрдім, сүйемін және сүйе беремін де. Әрі маған ақша да керек, егер ол бірдеңеге ұрынып қалса» – депті Ресей футболшысы.
Бәрі де өзінен басталған секілді. Өткен жылдың аяғында Аршавиннің түнгі клубта, Ольга Семенова деген топ-модель сұлу бикешті белінен құшақтап отырған сәті бейнетаспаға түсіріліп, Ғаламторға тарап кеткен. Оны көрген әйелі қызғанып, Ольгаға қоқан-лоққы көрсеткен. «Саусағын кесіп тастап», «есірткі қыстырып жіберетіндігін» және өзінің "федералды қауіпсіздік қызметі қызметкері екендігін айтып, сес көрсеткен сықылды.
Ольга қалай "шыдасын"?! Құқық қорғау орындарына шағымданған. Жақында Ресей басылымдарында «Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғады, футболшының әйелі заңның үш бабы бойынша жауапқа тартылады, жағдайы қиын» деген ақпарат тараған болатын.
Енді міне, Аршавин әйелінен және оның балалары мен анасынан кешірім сұрап, бұл іс бұрмаланған деп отыр. Әрі rt.com басылымына «Алисаның адвокаты А.В. айтуынша, Ресейде мұндай заң баптары жоқ та, ал Қазақстан прокуратурасына берілген шағым негізінде екі заң бабы бойынша Алисаны құлағынан сүйреп жауапқа тартпақ» деп қынжылған.