Вернуться к списку статей

Хрвое Спахия Шымкентте – «Ордабасы» қорғанысын нығайтты

Футбол
1K
 Фото fcordabasy.kz сайтынан
Хорватия қорғаушысы Хрвое Спахия енді «Ордабасы» клубының намысын қорғайтын болыпты.

Бір айдан кейін 30-ға толатын қорғаушы (23.03.1988) «Ордабасы» клубының сапына алыныпты. Ол жасыл алаңдағы карьерасын Хорватияның «Шибеник» клубы сапында бастаған. Одан кейін түріктің «Элязыгспор» және Словенияның «Олимпия» командаларында ойнап, 2015 жылы Румыния чемпионатына ауысады.

Бұл елде «Волунтари» және «КСУ Крайова» клубтарының намысын қорғайды. Румыния кубогының иегері атанған. Бойы 190 см футболшы алаңда орталық қорғаушы міндетін атқарады екен. Допты негізінен оң аяғымен тебетіні де көпшіліке мәлім сияқты.

Енді Хрвое Спахия Аргентина қорғаушысы Пабло Фонтанелломен бірге «Ордабасы» клубында қорғаныстың орта тұсында ойқастауы тиіс. Бір қызығы, хорват қорғаушысы – Шымкент клубы сапындағы алғашқы жаңа ойыншы. Бұған дейін өзбектің «Бұхарасынан» Иван Нагаев келген. Бірақ еңбек келісіміне қол қойылғаны ресми түрде әлі жарияланған жоқ.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика