Вернуться к списку статей

«Шахтер» Сербияның «Пролетерімен» итжығыс түсті

Футбол
1K
Фото shakhter.kz сайтынан
Қарағандының «Шахтері» Сербияның бірінші лигасында ойнайтын «Пролетер» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, тең түсті.

Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Шахтер» Сербия клубымен кездесіп, дайындығын пысықтады. Ойынды баяу бастаған қарағандылықтар, 14-минутта опық жеп, өз қақпаларына гол жіберіп алды. Допты ойынға бұрыштан қосқан сербтер есеп ашты.

«Шахтер» таразы басын 38-минутта теңестірді. Кеншілер клубында сынақта жүрген, былтыр «Таразда» ойнаған Жан-Эд Морис өз мүмкіндігін мүлт жібермей, Сергей Шафф берген допты қақпаға дөп түсірді. Екінші таймда кеншілер клубы ойыншыларын сапырылыстырып, біразын алаңға шығарды.

«Шахтер» – «Пролетер» (Сербия) – 1:1

«Шахтер»: Дүйсен (Шацкий, 46); Мангуткин, Күлбеков, Пасичник, Пикалкин; Ковачевич (Володько, 46), Шахметов (Оспанов, 46), Мигунов (Мужек, 81), Кояшевич (Путинцев, 81); Морис (Стоянович, 46), Шафф (Тәттібаев, 63).

Қосалқы құрам: Цуприков; Тарасов, Ткачук, Габышев; Бегімбай, Пайруз.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика