Алыстан орғатыптай, тоқетерін айтқанда Қазақстанда ешқашан ақпан айында халықаралық деңгейдегі матч өтпепті. Рас, түзде футболшыларымыз ақпан емес, қаңтарда да доп тепкен. Мәселен, 2005 жылы ұлттық құрамамыз Йокогамаға барып, Жапониямен ойнап қайтқан. Ал 1996 жылы ұлттық құрама жаңа жылды өткере сала 3 қаңтарда Бейрутта Ливанмен жолдастық кездесу өткізген. Дегенмен, ешқашан елімізде қақаған қыста кәсіпқой деңгейде футбол өтпепті.
Бұған дейінгі рекорд 7 наурызға тиесілі болатын. 2007 жылы Шымкентте өткен ұлттық құрамалар арасындағы «Алма-ТВ» халықаралық турнирінде Қазақстан футболшылары Қырғызстан қақпасына жауапсыз екі гол соққан. Ал кешегі «Астана-Спортинг» кездесуі бұл рекордты тұп-тура 20 күнге жаңартты.
Енді бұл рекордтың қаймағы қашан бұзылар екен? Оның барлығы «Астана», «Қайрат», «Ертіс», «Ордабасы» сияқты командаларымызға байланысты. Жақын болашақта клубтарымыздың бірі Чемпиондар лигасының 1/32-финалына шығып, бұл рекордты бір немесе екі күнге жаңартады деп үміттенеміз.