Вернуться к списку статей

Биыл Қазақстан кубогына әуесқой екі команда қатысады

Футбол
1K
Фото: pflk.kz
Бүгін 2018 жылғы Қазақстан кубогы додасының іріктеу кезеңіне қатысатын командалар арасында жеребе тартылды.

Биылғы ел кубогы – жылдағыдан сәл өзгеше. Кубок додасының іріктеу кезеңіне Бірінші лига және Екінші лига клубтарымен бірге 2017 жылы Қазақстан футбол федерациясының әуесқой командалар арасында өткізген біріншілігінде үздік шыққан екі клуб қатысады. Олар – «Ақ-Бет» (Павлодар) және «СДЮСШОР №8» (Астана)

Ескерте кетуге тиіспіз, Қазақстан кубогының регламентіне сәйкес, былтырғыдай Бірінші лигадағы төрт команда ел кубогына қатыстырылмайды. Олар – «Байқоңыр», «Жетісу Б», «Қайрат А» және «Шахтер-Болат». Себебі, бұл ұжымдар – премьер-лигадағы «Қайсар», «Жетісу», «Қайрат» және «Шахтер» клубтарының фарм-командалары.

Сөйтіп биылғы ел кубогына Бірінші лигадан 7 клуб («Алтай», «Каспий», «Қыран», «Мақтаарал», «Оқжетпес», «Тараз», «Екібастұз»), Екінші лига 4 команда («Оңтүстік» академиясы», «ОСДЮСШОР – Жас Ұлан», «Рузаевка», «ЦСКА») және жоғарыдағы екі әуесқой команда қатысатын болды.

Жеребе тарту рәсіміне дейін осы 13 команда екі қоржынға бөлінді. Біріншісіне деңгейі жоғарылау командалар енгізілді. Атап айтқанда, 2017 жылы Премьер-лигадан түсіп қалған – «Оқжетпес» пен «Тараз». Сонымен қатар, өткен жылы Бірінші лига біріншілігінде өзгелерінен жоғары орналасқан – «Мақтаарал» мен «Қыран». Қалғандары екінші қоржында болды.

Бүгін Астанада 2018 жылғы ел кубогының жеребесі тартылып, 13 команда төрт топқа жіктелді:

«А» тобы

"Оқжетпес" (Көкшетау)
"ОСДЮСШОР – Жас Ұлан" (Шымкент)
""Оңтүстік" академиясы" (Шымкент)

«В» тобы

"Мақтаарал" (Атакент а., Мақтаарал ауданы, ОҚО)
"Рузаевка" (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, СҚО)
ЦСКА (Алматы)

«С» тобы

"Қыран" (Шымкент)
"СДЮСШОР №8" (Астана)
"Каспий" (Ақтау)

«D» тобы

"Тараз" (Тараз)
"Екібастұз" (Екібастұз)
"Алтай" (ШҚО)
"Ақ-Бет" (Павлодар)

Қазақстан кубогының іріктеу кезеңіндегі ойындары 2018 жылғы 18-26 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан ареналарда өтеді. Келесі кезеңге, яғни 1/8- финалына жоғарыдағы төрт топта бірінші орын алған командалар шығады. 

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика