Вернуться к списку статей

«Қайрат» Венгрияның екінші лигасындағы командадан ойсырай ұтылды

Футбол
1K
Фото fckairat.com сайтынан
Алматының «Қайраты» Түркияда Венгрияның МТК клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:3 есебімен ойсырай ұтылып қалды.

МТК (Будапешт) шежіресі бай клуб болғанымен (Венгрияның 23 дүркін чемпионы), соңғы жылдары кежегесі кейін тартып жүр. Мәселен, 2016/2017 жылдар маусымында өз елінің жоғарғы тобында 11-орынға табан тіреп, соңғы орындағы командамен бірге екінші лигаға түсіп қалған.

Рас, екінші лигада көсіле шауып, 21 ойыннан 52 ұпай еншілеп, көш бастап келеді. Бүгін «Қайратты» ойсырата жеңіп кетті. Бірінші таймда бір гол соғып, ойынның екінші жартысында Алматы клубының шабуылына төтеп беріп қана қоймай, соңғы екі минутта тағы екі доп салды.

«Қайрат» – МТК (Будапешт, Венгрия) – 0:3

Голдар: Lencse, 31. Jakab, 88. Schäfer, 90.

«Қайрат» (1-тайм): Покатилов, Соколенко, Гогуа, Әліп, Сүйімбаев, Элек, Парагульгов, Швырев, Аршавин, Исламхан, Анене.

2-тайм: Плотников, Ахметов, Лунин, Бато, Вороговский, Қуат, Әбікен, Жуков, Исаэль, Ассулин, Сильвейра.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика