Естеріңізге сала кетейік, кеше UEFA-ның ресми сайты Еуропа лигасының 1/16-финалында бақ сынайтын командалардың жаңа тізімін жариялаған болатын. Бекітілген ереже бойынша, командалар құрамдарын тек үш ойыншымен күшейте алатын. Сондықтан, қысқы трансферлік маусымда бес футболшымен келісімшартқа отырғанына қарамастан «Спортинг» солардың екеуін ғана Еуропа лигасының көктемгі кезеңіне тіркей алды. Біріншісі, жартылай қорғаушы Рубен Рибейру. Бұған дейін «Риу Аведе» ойнаған португалиялық 30 жасар ойыншымен 3 жылға келісімшартқа отырған. Екіншісі, былтыр Канада чемпионатында доп тепкен колумбиялық шабуылшы Фреди Монтеро. Сондай-ақ, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне қосқан тағы бір ойыншысы бар. Ол – коста-рикалық Брайан Руис. 32 жасар шабуылшы «Спортинг» сапында 2015 жылдан бері доп теуіп жүргенімен жарақатына байланысты Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатыса алмаған болатын.
Ал «арыстандар» құрамын осы трансферлік маусымда толықтырған үш ойыншы Еуропа лигасының көктемгі кезеңіне қатыспайды. Солардың бірі Йосип Мишич еурокубоктың топтық кезеңінде Хорватияның «Риека» колубында ойнағандықтан UEFA ережесі бойынша турнирдің екінші жартысында жаңа команда сапында доп тебе алмайды. Дегенмен, 21 жасар ганалық қорғаушы Агдениену Люмор мен бразилиялық 20 жасар жартылай қорғаушы Вендел «Спортингтің» Еуропа лигасының көктемгі кезеңінен бас бапкері Жорже Жезуштың шешімі бойынша тыс қалған.
Сонымен қатар, «арыстандар» 6 ойыншыны Еуропа лигасының екінші жартысындағы тізімінен алып тастаған. Анголалық шабуылшы «Риу Авеге» ауысты, бразилиялық жартылай қорғаушы Оливейра Матеусты «Витория Гимарайнш» клубына жалға берді, аргентиналық жартылай қорғаушы Алан Руис өз отанына оралды, тағы бір жартылай қорғаушы Юри Медейруш қазір Италияның «Дженоасында», орталық қорғаушысы Тобиаш Фигейреду Англияның «Ноттингем Форрест» командасында жалға ойнауға келісті, ал аргентиналық қорғаушысы Хонатан Сильва Италияның «Ромасына» кетті.
Жалпы, Португалияның «Спортинг» футбол клубының Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне тіркеген футболшылары мыналар:
Қақпашылар: Руи Патрисиу, Ромэн Сален (Франция).
Қорғаушылар: Себастьян Коатес (Уругвай), Фабиу Коэнтрау, Андре Пинту, Стефан Ристовски (Македония), Жереми Матье (Франция), Кристиано Пиччини (Италия).
Жартылай қорғаушылар: Рубен Рибейру, Бруну Фернандеш, Маркос Акунья (Аргентина), Бруно Сезар (Бразилия), Вилльям Карвалью, Родриго Батталья (Аргентина), Радосав Петрович (Сербия), Жоау Пальинья, Желсон Мартинш;
Шабуылшылар: Даниэл Поденсе, Брайан Руис (Коста-Рика), Бас Дост (Голландия), Фреди Монтеро (Колумбия), Сейду Думбия (Кот-д’Ивуар).
Бас бапкер: Жоржи Жезуш.