Вернуться к списку статей

«Қайрат» Димитар Димитровтың командасын жеңді

Футбол
1K
Алматының «Қайраты» Түркияда Болгарияның «Лудогорец» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Лудогорец» осал команда емес-тін. Соңғы алты жылдағы Болгария чемпионы! Биыл Еуропа лигасының 1/16-финалына шықты. «Қайратпен» кездескен матчқа дейін Донецкінің «Шахтерімен» тең түсіпті (2:2). Алматы клубымен ойнағанда да, екі гол соғып алға шықты...

Бірақ «Қайрат» қайрат көрсетті. Үзіліске дейін есепті қысқартты. Ал екінші таймда екі гол соғып, жеңісті жұлып алды. Исаэль мен Исламханның голдарына жанкүйерлер үйреніп те қалды ғой. Соңғы голды Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Самат Сәрсеновтің соққанын айтсаңыздаршы...

Өздеріңіз білесіздер, Болгарияның бұл клубын қазір біздің жанкүйерлерге жақсы таныс Димитар Димитров жаттықтырады. Бұл маман 2015-2017 жылдары «Ертістің» бас бапкері болған. «Қайратты» бес саусағындай білсе керек еді, бірақ ұтылды. Өзі өкініп те қалған сияқты...

«Қайрат» – «Лудогорец» (Болгария) – 3:2 (1:2)

Голдар: Мисиджан, 6 (0:1). Мисиджан, 10 (0:2). Исаэль, 14 (1:2). Исламхан, 70-пенальтиден (2:2). Сәрсенов, 88 (3:2).

«Қайрат» (1-тайм): Покатилов, Сүйімбаев, Бато, Рудосельский, Қуантаев, Әбікен, Қуат, Швырев, Аршавин, Исаэль, Анене. 
(2-тайм): Плотников, Ахметов, Гогуа, Лунин, Әліп, Паргульгов, Элек, Исламхан, Вороговский, Соколенко, Сәрсенов.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика