Вернуться к списку статей

Қазақстан бозбалалары «Даму кубогында» көш соңында қалды

Футбол
1K
Фото abff.by сайтынан
Минскіде жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Даму кубогы» додасы аяқталды. Қазақстан бозбалалары бес рет ұтылып, соңғы орынға табан тіреді.

Минскіде өткен «Даму кубогы» додасында бақ сынаған Қазақстан U-17 құрамасы жеңілістен көз ашқан жоқ. Әуелі «C» тобында үш рет ұтылды.Одан кейін 10-12 орындарды сарапқа салған аутсайдерлер арасында да жанкүйерлерін қуанта алмады. Бүгін тіпті Ресей жеткіншектерінен 1:7 есебімен күйрей ұтылды...

Қазақстан-U17 – Ресей-U17 – 1:7 (0:2)

Голдар: Шәміл, 77 – Герчиков, 13. Сентюрин, 26. Конев, 41. Герчиков, 58. Герчиков, 63. Конев, 67. Конев, 68.

Ресей-U17: Марков, Герчиков (Оганесян, 64), Прохин, Никитенков (к), Сунгатулин (Мирошниченко, 55), Шарков, Усанов, Федоров, Косарев (Конев, 41), Сентюрин (Колотиевский, 64), Бакалюк.

Қосалқы құрам: Кудаковский, Школик, Бабаев.

Қазақстан-U17: Батырханов (Қалтөре, 64), Жаксылықов, Жүсіпов, Дүйсембаев (к), Мұхамедәли (Иманғазеев, 41), Меделхан (Шәміл, 41), Қайтмұратов, Жарлаев, Сейітов, Әжімов (Басманов, 41), Герасимов.

Қосалқы құрам: Неумывакин, Мұхамед.

Төрешілер: А.Шипица, Д.Король, А.Назарович, Д.Ковалевский.

28 қаңтар. Минск. Минск футбол манежі.

2018 жылғы «Даму кубогының қорытындысы:

1-орын. Украина

2. Израиль

3. Беларусь

4. Словакия

5. Грузия

6. Бельгия

7. Исландия

8. Литва

9. Молдова

10. Ресей

11. Финляндия

12. Қазақстан

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика